You are here

Өміршең Конституция – жарқын болашақтың, коғамдық татулық пен келісімнің кепілі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Болат Сыздықов,
Бас прокуратураның

Ұсталған, қамауға алынған және
қылмыстық жазасын өтеушілердің
құқықтарының қорғалуын  қадағалау
департаментінің басқарма бастығы                                                         

Қандай да бір мемлекетте адамдар арасындағы қарым-қатынас заңмен реттеледі. Мемлекеттің даму деңгейі елдегі заңдардың құрылуына, азаматтарының қорғалуы мен оны құрметтеуіне сайып келеді.

Халық пен халық қалаулылары арқылы қабылданған Заң үстемдік жасап, бұлжытпай орындалған елде тәріп те, әділдік те бар. Осы заңдардың негізі, мемлекеттің тұғырлы заңы – Конституция болып табылады.

Конститутцияда адамның құқықтары мен бостандығы, оған берілетін кепілдіктер мен қорғау жолдарының  айқын көрсетілуі елдегі демократияның қаншалықты орнықты екенін айғақтайды.

Қазақ халқы қашанда елдің тыныштығы мен бірлігін ойлап, әділдік пен әділеттікті ту еткен. Елдің бірлігі мен татулығына ерекше көңіл бөлініп, ел арасындағы алауыздық пен бүлік – лаңдарды ру ақсақалдары мен билер реттеп отырған.    Ел сол ру ақсақалдары, абыз, билердің билігіне жүгініп, солардың уәждеріне тоқтаған.

Бұл  жасампаз халқымыздың  о бастан заңға құрметпен қарап, әділдік пен тәртіпке  бас игендігінің айғағы ісептес.

Бүгінгі таңда өз еншісін алып, бөлек шаңырақ көтеріп, тәулсіздігін алған, өзіндік рәміздері, заңдары, алға қойған ұлы мақсат–мұраттары бар егемен елміз.

Ең бастысы – 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық жалпы халықтық референдумда қабылданған өміршең Ата Заңымыз бар.

Әлемдік өркениетке барар жолда Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ құқықтық мемлекет құруды таңдағаны баршамызға мәлім. Бұл тұрғыда осыдан 18 жыл бұрын бүкіл халықтың қолдауымен қабылданған  Конститутциямыздың алар орны ерекше.

Ата заңымыз елімізді өтпелі кезеңнің дағдарыстарынан сақтап, елдің тұтастығы мен ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етті.     Қоғамның басты құндылығы – адамның бостандығы мен мәртебесін бекітіп, билік тармақтарының арасындағы қатынас тетіктерін үйлестірді. Сөйтіп Отанымыздың дәйекті алға басуының іргетасы қаланды.

Біз Ата заңымызда айқындалғандай бірегей мемлекеттік құрылысты сақтай отырып, президенттік басқару нысанын жария еткен мемлекетпіз.  Тағы бір ерекше тоқталып өтетін жай, Конституциямызда билікті заң шығару, атқару және сот билігі тармақтарына бөліп, тәуелділік пен тепе-теңдік жүйесін қолдана отырып, олардың өзара әрекет ету принципі белгіленген.

Конституциямызда қоғамдық-саяси, құқықтық және экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы барынша оң өзгерістерге бой алдырумен қатар, демократиялық және ұлттық дамудың ерекшіліктері толық ескерілген.

Қоғамымызда кездесетін барлық салалардағы ауқымы кең мәселелерді шешу барысында біздің Ата Заңымызды басшылыққа  алатынымыз баршаға аян. Өйткені Конституция талап-тілектері соны көздейді.

Конститутцияның 1-бабының 1-тармағында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп көрсетілген.

Біз бүгінде  шын мәніндегі зайырлы да құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастық десек, артық айтпағандық болған болар еді. Бұл жолда әлі де болса қиындықтың кездеспей қалмайтыны анық. Соған қарамастан, біздің ең басты мақсатымыз мемлекетіміздің асыл да қымбат құндылығы адам және оның өмірі, содан соң оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады.

Мемлекетіміздің азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып қана қоймай, міндеттер де  атқарады (Конституцияның 12-бабының 3-тармағы).

Яғни, заңды құрметтеу, оны сақтау, бұлжытпай орындау әрбір азаматтың борышы. Заң нормаларын бұзған азамат істеген іс-әрекетінің мәніне қарай құқықтық жауаптылықтың жекелеген түрлері бойынша жауапта болады.

Конститутцияға сәйкес Республиканың кез-келген азаматын нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, дінге деген  көз-қарасына, намысына, тұрғылықты жеріне, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық жағдайына байланысты немесе өзге де жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай да кемсітуге жол берілмейді (14-бап, 2-тармақ). Көрсетілген белгілер бойынша тікелей немесе жанама түрде шектеу қылмыс деп танылады.

Конституцияға сәйкес әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар (15-бап, 1,2-тармақтары).

Конституцияда азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына -  азаматтардың тең құқылығы, сайлау құқығын жүзеге асыру, жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізу, пикет жасау, қоғамдық бірлестіктерге қатысу; әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар - еңбек ету бостандығы, жұмыссыздықтан  әлеуметтік қорғалу құқығына, жеке құқықтары мен бостандықтарына, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының құпиясын сақтау, тұрғын үйге қол сұғылмаушылық, азматқа қажетті ақпарат алу, ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыру мәселелеріне де ерекше мән берілген. Осы жоғарыда көрсетілген құқықтар мен бостандықтардың қайсы түріне болмасын қиянат жасаушылық заңды өрескел бұзғандық болып табылып, қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады.

Сондай-ақ, Конститутциямыз "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық" екендігі принципінен бірде танған емес. Бұл өмірлік игілікке айналған қағида. Әрине мұндай көреген де нақты шешімге халқымыз небір қиындықтарды бастан өткізіп, тар жол тайғақ кешудің қиямет қайымынан өту арқылы қол жеткізді.

Еліміздің Ата Заңында демократиялық құндылықтар нақты  бағаланып, қоғамымыздағы саяси өзгерістерге тиісінше баға беріліп, сөз бостандығы мен ар бостандығына барынша  мүмкіндік ашылған.

Қоғамның төлқұжаты бола отырып, Конститутциямыз жинақы түрде, қысқа тұжырымдармен мемлекетіміздің сипатамасын айнадан көргендей етіп бейнелейді. Тоғыз бөлім, тоқсан сегіз баптан тұратын Ата Заңымыз бүгінгі заманның көкейтесті мәселелеріне толық жауаптар береді.

Өйткені Тәуелсіз Қазақстанның  Конститутциясы ең демократияшыл, ізгі, өркениетті идеяларға негізделген.

Сондықтан да біздің Конститутциямыз өміршең және жарқын болашақтың, коғамдық татулық пен келісімнің кепілі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.