You are here

Мемлекеттік сатып алу саласындағы прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі басым бағыттардың бірі мемлекеттік сатып алу саласы және бюджет қаржысын жұмсауда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу сыбайлас жемқорлыққа бейім саланың бірі болып отыр. Сондықтан, прокурорлармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін барлық әлеуетті жеткізушілерге тең жағдай ұсыну, жеткізушілердің өз міндеттерін мерзімінде және толық орындауы және бюджет қаржысын ұрлау фактісінің жолын кесуге баса назар аударылады.

2013 жылы осы бағытта 1419 тексеру жүргізіліп, 9,3 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды, 2 401 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылып, мемлекетке 959 млрд. теңге өндірілсе, 92 қылмыстық іс қозғалды.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары жүргізген тексеру нәтижесінде заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар, оның ішінде облыстық маңызы бар аудан және қаланың 5 әкімі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 727 млн. теңгеден астам шығынды мемлекетке өндіру шаралары қолданылды.

Жалпы алғанда, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылыққа жасалған талдау тапсырыс берушілер мен мердігерлерге жүктелетін талап күшейтілгенімен, заң бұзушылықтардың саны артқан, ал, қылмысқа шынайы тосқауыл жоқ. Қылмыстылық элементтері - олардың қызметінде күдікті белгілерді анықтау мүмкіндігін кемітіп, қолданылатын әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жасырып әрекет етеді. Тіпті, электронды сатып алуды енгізудің өзі мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлықтың жойылуына толық кепіл бермейді. Осыған байланысты, заң бұзушылықтарды ертерек анықтау, жолып кесу және алдын алуға баса назар аудара отырып, мемлекеттік сатып алу ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі өзгерту ұсынылады. Заң бұзушылықтың нәтижесінде келтірілген шығындарды өндірумен байланысты тиімділік жағынан қарасақ, қылмысты мерзімінде алдын алу мемлекеттің мүддесіне жауап беріп, кінәлі адамдарды заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартуға болады.

Мемлекеттің қаржыларын талан-таражға салу барысында келтірілген шығынды бағалау қиын. Себебі, мұндай әрекеттер бірқатар экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен ұштасып жатады. Сыбайластарына «қайтарымды» мемлекеттің қаржыларын жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол алу, салық төлеуден жалтарып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жоспары жоқ кәсіпорындармен келісім шарт жасасуы, пара беру және алу, қылмыстық жолмен келген мүлікті заңдастыру жолы және т.б.

Осы тектес қылмыстар жасырын сипатта болады. Мүлтіксіз дәлелді ақпараттарды жинау үшін мерзімінде нақты ақпараттар болуды, жедел-іздестіру шараларын сәтті өткізуді және т.б. қамтамасыз етілуі тиіс.

Алайда, тәжірибеде жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы қажетті нәтижеге қол жеткізбейді, себебі, қадағалау, бақылау, жедел-тергеу әрекеттері қылмыс жасалғаннан кейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу субъектілерінің қылмыстық әрекеттерінің жолын кеуге қатысты оң нәтижелер де бар. Алайда, осы бағытта нәтижелілік жоғарғы деңгейде еместігін мойындауымыз керек. Мұның бір себебі – құқық қорғау органдарында барлық жасалынған немесе заң бұзушылықтың орын алғаны туралы ақпараттардың жоқтығы.

Өйткені, әрбір бюджеттік бағдарламалар әкімдігі қызметінде жедел маңызды ақпараттың әрдайым болуы мүмкін емес. Сондықтан, уәкілетті және құқық қорғау органдарын орын алатын сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін жүйені жүзеге асыруымыз керек.

Қолданыстағы ақпараттық жүйелердегі бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, электронды мемлекеттік сатып алу және тіркейтін органдарды ықпалдандыру жолымен жедел талдамалы базаны құру мүмкін деп санаймыз. Біріккен талдамалы база сәйкес қызметтерге белгі бере отырып, мемлекеттік сатып алушылармен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімдігінің жасырын ықпалдығын автоматты түрде анықтайды. Сонымен қатар, осы тектес автоматтандырылған деректер базасы бақылау, қадағалау немесе жедел іс-шаралар жүргізу үшін талассыз және бір мағынада болуы тиіс. Алайда, нақты қорытынды мен болжам жасауға мүмкіндік беретін жанама факторлар бола тұра, жиынтық қылмыстық істі қозғауға мүмкіндік болуы мүмкін.

Жанама факторлерге, сонымен бірге талдамалы жүйені бейнелейтіндерге келесі индикаторларды қосуға болады.

Егер бюджеттік бағдарламалар әкімдігі тауарды, қызметтерді жоғарғы бағамен алуды жоспарласа немесе алып қойған болса, электронды жүйеде автоматты түрде хабарландыру түседі. Осы белгілер қауіпті басқару жүйесіне сәйкес, уәкілетті органдармен бірінші тексеріліп, ал сонымен қатар, құқық қорғау органдары үшін жедел-маңызды немесе талдамалы ақпарат болуы тиіс.

Мұндай жүйені пайдалану нәтижесіз тексерулердің санын азайтып, олардың сапасын арттырады, мемлекеттік сатып алуға қатысушы жеке кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуды кемітеді.

Жеке мемлекеттік органдарды құру арқылы мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру заңдылықтың жағдайына оң әсерін тигізуі мүмкін, себебі, уәкілетті және құқық қорғау органдарының өздеріне қызметіне тән емес қызметтен босатылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша дербес мемлекеттік қызметі біртектес тауарларды жоғары бағамен сатып алудың санын азайтады және мемлекеттің экономикалық мүддесінің сақталуына оң әсерін тигізеді.

Осылайша, Елбасының бизнес субъектілерінің қызметіне негізсіз араласуға жол бермеу тапсырмасын есепке ала отырып, прокуратура органдары тексеруге, оның ішінде терең талдауларға негізделген қосымша тергеуге ереше назар аударады.

Алайда, болашақта бірқатар тексеріс іс-шаралары қашықтан бақыланып немесе жүйелену тәсілімен жүргізіледі. Сәйкесінше, тексеріс жүргізу барысында бұдан бұрынғы заң бұзушылықты жою және алдын алумен ауыстырылады.

Артур Ластаев,

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасы Департаментінің бөлім бастығы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.