You are here

Мамандар түзеу және арнайы мекемелерде болып қайтты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылғы ақпан айының 14-15 күндері аралығында Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің жанындағы азаптаулар және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлері туралы  фактілерді қарау жөніндегі Жұмыс тобы ІІМ-нің Жамбыл облысындағы арнайы мекемелері мен бас бостандығынан айыру орындарында болып қайтты.

Жұмыс тобының аталған мекемелерде болуының басты мақсаты –ондағы ұсталынып отырған адамдар мен сот үкіміне сәйкес жазаларын атқарушы сотталғандардың ұсталу жағдайларының талапқа сай болуына бақылау жүргізу болып табылды. Бақылау барысында түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың жатын, жұмыс, ем қабылдау орындарының, сондай-ақ тергеу  және уақытша ұстау изоляторларындағы, оның ішінде жастары кәмелетке толмағандар мен әйел адамдары орналасқан камералардың жағдайына ерекше назар аударылды. Кездесу кезінде туындаған сұрақтар бойынша жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, тиісті заң талаптары  түсіндірілді.  Жалпы жүргізілген бақылау қорытындысы бойынша Жұмыс тобы облыстағы түзеу және арнайы мекемелердің қызметіне оң баға берді.

Болат Сыздықов, аға әділет кеңесшісі,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаментінің Басқарма бастығы    

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.