You are here

Қылмыстық теріс қылықтардың ерекшеліктері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура 10-шы Департаментінің басқарма аға прокуроры Сырым Ақбаев жаңа Қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстық теріс қылықтар туралы оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.

  • Сырым Қадырханұлы, жалпы қылмыстық теріс қылықтар дегеніміз не?
  • 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданып жатқан жаңа Кодекспен қылмыстық құқық бұзушылықтар қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстық теріс қылықтар және қылмыстар болып бөлінеді.

Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған айыпты іс-әрекетті айтады.

  • Қылмыстық теріс қылықтар бойынша көзделген жазалардың ерекшеліктері қандай?
  • Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға сотпен мынадай негiзгi жазалар тағайындалуы мүмкін. Олар: айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу.

Бас бостандығынан айыру немесе шектеу және өлім жазасы осындай құқық бұзушылық түріне қолданылмайды.

Қамаққа алу мерзімінің өзі 90 тәуліктен аспауы тиіс. Бүгінгі күні бұл жаза түрінің қолдануы тоқтатылған.

Айыппұл, түзеу және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалары қылмыстар бойынша да тағайындала береді. Алайда, олардың мөлшері әлдеқайда төмен болады.

Мысалы, қылмыс жасағаны үшін айыппұл жазасының мөлшері 500 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) басталса, теріс қылықтар үшін - 25 АЕК-тен басталады.

  • Қылмыстық теріс қылық жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін бе? Оның негіздері қандай?
  • Қылмыстық теріс қылық жасаған адам тергеу барысында немесе сотпен келесідей жағдайларда жауаптылықтан босауы мүмкін.

Біріншіден, кінәлі адамның жеке басы, айыбын мойындап келіп, қылмыстық теріс қылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал етіп, келтiрген зиянды қалпына келтіруі.

Екіншіден, қылмыстық теріс қылық жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Үшінші, қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін сот кепілгерлік белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Кепiлгерлік белгілеу кепiлгер болатын жеке тұлғаның – жасалған теріс қылығы үшін көзделген айыппұлдың екі еселенген мөлшеріне тең мөлшерінде, ал заңды тұлғаның – он еселенген ең жоғары мөлшерінде кепіл енгізуінен тұрады.

Кепiлгерлік мерзімі – алты айдан бір жылға дейін белгіленеді.

Егер қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам кепілгерлік кезеңі ішінде жаңа қылмыстық теріс қылық жасамаған болса, кепілгерлік мерзімі өткеннен кейін кепіл кепілгерге қайтарылады. Ал, егер кепілгерлік кезеңі ішінде адам жаңа теріс қылық жасаса, сот қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімнің күшін жояды және оған жаза тағайындайды. Бұл ретте кепіл мемлекеттің кірісіне алынады.

Төртіншіден, егер қылмыстық теріс қылық жасалған немесе айыптау үкiмiнің заңды күшiне енген күнiнен бастап бір жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

  • Қылмыстық теріс қылық жасаған адамның соттылығы сақтала ма?
  • Жазадан босатылған, сондай-ақ қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған адам соттылығы жоқ деп танылады.

- Қылмыстық теріс қылық бойынша тергеу амалдарының ерекшеліктері бар ма?

- Жасалған қылмыстық теріс қылықтың күдіктіге қатысты мән-жайлары туралы хаттама жасалады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық теріс қылықтың мән-жайларын анықтау және хаттама жасау үшін күдіктіден, жәбірленушіден, куәлерден жауап алады, қажет болған кезде басқа да тергеу әрекеттерін жүргізеді.

Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан анықтау органдары мен соттың шақыруы бойынша келу және өзінің тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы хабарлау міндеттемесі алынуы мүмкін.

Анықтау органының бастығы хаттаманы және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, хаттамамен келіседі, содан соң барлық материалдар танысу үшін күдіктіге беріледі.

Бұдан кейін анықтау органының бастығы қылмыстық істі дереу прокурорға жібереді.

Прокурор қылмыстық істі зерделей отырып бір тәуліктен кешіктірмей қылмыстық істі сотқа жібереді немесе хаттаманы бекітуден бас тартады, болмаса істі кері қайтарады.

Іс сотқа келіп түскеннен кейін судья он бес тәулік ішінде қарап, аяқтау тиіс. Сот қылмыстық теріс қылықтар туралы істерді қараған кезде прокурордың қатысуы міндетті.

Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша шешім істі қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша соттың шешіміне шағым немесе наразылық жасауға болады.

  • Әңгімеңізге рахмет!

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.