You are here

Қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Дәурен Еңсебаев,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің

аға прокуроры

Соңғы уақытта әлем жұртшылығы бетбе-бет келген проблемалар ғаламдық сипатқа ие және оларды жеңу үшін бірлесе күш жұмсамаса шешілмейді. Шекарасын едәуір кеңейткен, сол себепті де халықаралық деңгейде тиімді әрі дәлме-дәл ықпал етуді қажет ететін қылмыс та бұдан тысқары қалған жоқ.

Есірткі трафигі, адам саудасы, қылмыс жолымен келген кірістерді заңдастыру қазіргі әдемде трансұлттық сипатқа жетіп отыр. Кейде қылмыскерлер, қылмыстық жауапкершіліктен құтылам деп үміттеніп өзге мемлекеттерде сот пен тергеуден қашып жүреді.

Осы мән-жайларды ескерсек, құқық қорғау органдарының тек бір тараптық күшімен қылмысқа тиімді қарсы әрекет ету тіптен қиынға соғады.

Оның үстіне, шет елдермен өзара байланыс жасау ол жақтарда сотталған немесе мәжбүрлеп емдеуде жүрген біздің азаматтарды отанға ауыстыру үшін қажет, бұл, сөзсіз, олардың жазасын өтеуі мен мәжбүрлеп емделуін жеңілдетеді, себебі олардың шет мемлекеттің түзеу немесе емдеу мекемесінде ұсталуы жақындарымен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіреді, тілдік кедергілер және басқа да тосқауылдар болады.

Бұл ретте халықаралық ынтымақтастықты құқықтық регламенттеу ерекше өзекті, оның талаптары мен тәртібі, ережедегідей, тиісті көп жақты немесе екі жақты шарттарда айқындалады.

Қылмыстық сот өндірісі саласындағы ынтымақтастың негізгі көлемі ТМД елдеріне келеді, олармен қатынастар тиісті конвенциямен реттелген.

Мәселен, 1993 жылдың 22 қаңтарында Минск қаласында ТМД–ға қатысушы мемлекеттер Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қол қойды, оны Достастыққа кіретін барлық елдер ратификациялады.

Заңнаманың жетілуіне байланысты, сондай-ақ Достастық елдерінде болған әлеуметтік-экономикалық және құқықтық өзгерістерге байланысты, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы конвенцияның жаңа редакциясы әзірленді, оған 2002 жылдың 7 қазанында Кишинев қаласында қол қойылды.

Минск конвенциясымен салыстырғанда Кишинев конвенциясында:

- екі не одан да көп Шарттасушы Тараптардың аумақтарында жасалған немесе олардың мүдделерін қозғайтын қылмыстарды тергеп-тексеру үшін бірлескен жедел-тергеу топтарын құру;

- өзге Шарттасушы Тараптардың соттары қаулы ететін үкімдерді тану және орындау;

- қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету кезінде бейнебайланыс құралдарын пайдалану, бақыланатын жеткізілімдерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін және т.с.с көздейтін ережелер бар.

Қазіргі уақытта Кишинев конвенциясы оны ратификациялаған алты мемлекет: Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы және Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы арасында қолданылады.

Кишинев конвенциясы күшіне енбеген өзге ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен (Ресей Федерациясы, Грузия, Молдова, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина) ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде Минск конвенциясы қолданылып келеді.

Сондай-ақ ТМД шеңберінде Бас прокуратура 1998 жылғы 6 наурыздағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы конвенцияны және 1997 жылғы 28 наурыздағы Психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін беру туралы конвенцияны орындауға жұмылдырылған.

Алыс шет елдермен ынтымақтастық, негізінен, екіжақты шарттармен регламенттеледі.

Шет мемлекеттермен шарттық базаны нығайтуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру кезінде, жақын орналасқан көршілерден басқа бізбен сауда-экономикалық қатынастары жолға қойылған елдерге, сондай-ақ жоғары туристік әлеуеті бар, бизнес жүргізу үшін жеңілдікті салық салу жүйесі бар және тартымды инвестициялық климаты бар елдерге басымдық беріледі.

Халықаралық ынтымақтастықты арттырудағы оң ілгерілеу ретінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған сәттен бастап қылмыстық сот өндірісі саласындағы 43 екіжақты шарт жасағандығын атап өтуге болады, олардың  ішінде жартысына жуығына (20) соңғы төрт жыл ішінде қол қойылған. Бұл ретте жасалатын шарттар саны өсуінің тұрақты үрдісі байқалды. Егер 2011 жылы бар болғаны осындай 2 шарт жасалса, 2012-2013 жылдары 3, ал 2014 жылы 7 екіжақты шартқа қол қойылды.

Тек ағымдағы жылдың өткен кезеңінің өзінде 5 халықаралық шартқа қол қойылды. Мәселен, биыл қаңтарда Астанада Италия Республикасымен Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек және адамдарды беру туралы шартқа, ақпанда Вашингтонда Америка Құрама Штаттарымен Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа, наурызда Монте-Карлода Монако Князьдігімен  Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа, сәуіде Астанада Венгриямен Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойылды. АҚШ-пен жасалған шартқа қатысты Қазақстан Орталық азия аумағындағы Америка осындай шарт жасасқан алғашқы ел болғандығын атап өткіміз келеді.

Жақын келешекте Сербиямен және Словакиямен Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы; Сауд Арабиясымен және Малайзиямен адамдарды беру туралы; Болгариямен, Иранмен, Моңғолиямен және Сауд Арабиясымен сотталған адамдарды беру туралы шарттарға қол қою жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, бірқатар өзге елдермен екі жақты шарттар дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде (біздің шетелдік әріптестерімізде келісуде Бас прокуратура әзірлеген барлығы  42 халықаралық шарт жобасы тұр).

Алыс шет мемлекеттермен екіжақты өзара байланысты дамытудан басқа Бас прокуратура Қазақстанды қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы, сотталғандарды экстрадициялау және беру туралы американаралық конвенцияларға қосу туралы мәселені пысықтауда, бұл америка континентінің елдерімен қылмыстық сот өндірісі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қылмыстық сот өндірісі саласындағы еуропа конвенцияларына қосылу жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастық біздің шарттық міндеттемелермен байланысымыз бар елдермен шектелмейді. Тиісті келісімдер болмаған жағдайда, халықаралық құқықта көпшілік мойындаған өзара түсіністік қағидаты қолданылады, оны қолданудың мәні мен шарттары жаңа ҚПК-нің 558-бабында баяндалған.

Мұндай жағдайларда құқықтық көмек сұрап жүгіну және шет мемлекетке осындай көмек көрсету Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қорытындылай келе, қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық шарттар санының артуы және өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік құқық қорғау органдарымен жемісті өзара әрекет етудің көптеген мысалдары Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген артып келе жатқан сенім, елімізде демократия мен тәуелсіз әділ соттың халықаралық стандарттарына сай институттарының құрылуы туралы айтатындығын атап өткіміз келеді.

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.