You are here

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жаңа құралдар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Берік Баймағанбетов, Бас прокуратура Департаментінің аға прокуроры

Соңғы жылдар ішіндегі ұлттық құқықтық кеңістікке жасалған сараптама көрсеткендей, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.

2014 жылы мемлекет Басшысы кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялады. Ол қолданыста болған кезеңде прокуратура органдары елеулі жұмыс жасады, соның ішінде тексерістерді өткізуді Бас прокуратураның орталық аппаратымен келісу тәртібі мен тетігі белгіленді, мемлекеттік органдардың заңдылық талаптарына сай келмейтін іс-әрекеттеріне тыйым салынды, заң бұзушылықтарға қатал ықпал ету шаралары қабылданды.

Сөзсіз, бұл кезең шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне оң әсерін тигізіп, оларға өз назарларын жарғылық мақсаттарды орындауға бағыттауға мүмкіндік берді.

Құқықтық кеңістікті өзгертудегі келесі кезеңі жаңа Қылмыстық-процесстік кодекстің қабылдануы болған, онда ағымдағы жылдың басынан бері тергеуге дейінгі тексеріс интитуты және қылмыстық істі қозғау кезеңі жойылды.

Бұл жаңашылдықтар қылмыстық процесс шеңберінде кәсіпкерлердің құқықтарына тікелей қатысты болып отыр, сотқа дейінгі тергеудің басталу тәртібі және одан әрі өкілетті мемлекеттік органдардың ревизияларды, тексерістерді өткізулері негізгі мәселелердің біріне айналды.

Сөйтіп, бұрынғы заңнама бойынша салықтық тексерісті өткізу тек қана қозғалған қылмыстық іс шеңберінде мүмкін болды. Жаңа қылмыстық процесс жағдайында, сотқа дейінгі тергеудің басталу институты өзгертілгенде, кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тартуды болдырмау мақсатында, бұл мәселені шешу кезінде мұқият тексеру қажеттігі өсе түсті.

Сотта қылмыстық іс жүргізілгенде кәсіпорынның шоттары, өзара төлемдері, бухгалтериясы тоқтатылып, қызметі толығымен тоқтап қалатындығы белгілі. Соған байланысты, жаңа ҚПК-де заң шығарушы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын негізсіз күдіктенуден қорғау үшін қажетті құралдарды қарастырды, бұл тетік арыздар мен хабарламалардың Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелуіне дейін жұмыс істей бастайды.

Мысалы, заң талаптарына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне көрсететін жеткілікті деректер болмаса, Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркемей, өкілетті мемлекеттік органдарға ревизиялар мен тексерістерді өткізуді талап ететін арыздар мен хабарламаларды жолдау талап етіледі.

Бұл тәртіп күш құрылымдарының кәсіпорындар қызметіне араласуын елеулі түрде шектейді, өйткені тек қана қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғанына көрсететін жеткілікті деректер ғана, соның ішінде, мысалы, салық тексерісімен белгіленген қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жеткілікті материалдық зиян сомасы сотқа дейінгі тергеудің басталуына себеп бола алады.

Содан кейін, өкілетті органнан материалдық зиян сомасы көрсетілген тексеріс нәтижелері алынған соң, ол нәтижелерге сотқа шағым беру тәртібі өткен соң, қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеуді бастауға заңды негіздері болады.

Басталған сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тексерістерді немесе ревизияларды тағайындау кезінде де өз ерекшеліктері бар.

ҚПК 260-бабының екінші бөлімі бойынша, қылмыстық қудалау органының жоспардан тыс тексерістерді, құжаттық ревизияларды өткізу жайлы талаптары прокурормен келісілгенінен кейін ғана заңды болады.

Салық кодексінің 627-бабына сәйкес, Қылмыстық-процестік кодекспен қарастырылған негіздер бойынша өткізілетін салықтық тексеріс жоспардан тыс тексерістер санатына жатады. Соған байланысты, өз конституциялық өкілеттіктеріне байланысты, прокуратура органдары іс жүзіндегі деректердің, тексеріске келісім беру үшін деректердің жеткілікті болуын, іс бойынша өндірісті болдырмайтын жағдайлардың жоқтығын тексереді, содан кейін тексерісті келісу немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Сөйтіп, заңдылық қағидаларына негізделіп, сонымен қатар кәсіпкерлік қауымдастықтың мемлекет дамуының экономикалық жүйесіндегі алатын орнын ескере отырып, прокуратура органдары олардың қылмыстық қудалауға негізсіз тартылуына қарсы сенімді қорғаныш болып табылады.

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.