You are here

Көші-қон заңнамасы саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана - келешегі зор, әлем таныған әсем жас қала. Кескіні мен келбеті келіскен шаһардың аумағы жыл сайын гүлденіп, дамып келеді. Сондықтан, Астанада жұмыс істеуге және тұруға ұмтылған біздің азаматтармен қатар табыс көздерін іздеп жүрген шетелдіктер үшін өте тартымды.
Сонымен қатар, соңғы 3 жыл үшін қаладағы көші-қон процесін талдау нәтижесі ішкі және сыртқы көші-қон ағыны бір есеге өскенін көрсетті.
Қалыптасқан үрдіс прокуратура органдарының Астана аумағында көші-қон заңнамасын сақтау мәселесіне ерекше назар аударуын талап етеді.
Бұл орайда, жекелеген уәкілетті мемлекеттік органдар аталған заңнама талаптарын өрескел бұзуына жол береді.
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің заңдылығын тексеру барысында қаланың түрлі кәсіпорындарына рұқсаттарды заңсыз берудің бірнеше фактілері анықталды.
Соның ішінде, Астана қаласына бөлінген квотаны бұза отырып, ведомствоаралық комиссияның (қала әкімдігінің, Білім басқармасының, көші-қон полициясының, салық органдарының басшы құрамынан, астананың Мәслихаты депутаттарынан тұрады) ұсынысы бойынша Басқарма белгіленген нормадан тыс 60 кәсіпорынға 2 253 рұқсатты заңсыз берген.
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына сәйкес қолданыстағы, бұрын берілген және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына берілетін рұқсаттар өз кезегінде тиісті күнтізбелік жылға бөлінген квота санынан аспау қажет.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша барлық заңсыз берілген рұқсаттардың күші жойылды, Жұмыс берушілермен жұмыс жөніндегі басқарманың бас маманы А.Алтынбек сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, тексеру нәтижелері астананың Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде қаралды, оның шеңберінде қалыптасқан жағдайды түзеу жөнінде нақты ұсыныстар берілді.
Осымен қатар, қалалық прокуратура «резеңке пәтерлер» деп аталатын пәтерлерге келген шетелдіктерді жалған тіркеу фактілерін анықтады.
Прокурорлық тексерулер нәтижесінде ондаған шетелдіктердің бір мекенжайда тіркелген фактілері, бұл орайда соңғылары іс жүзінде ол жерде тұрмағаны анықталды.
Ал, ведомстволық нормативтік құжаттарға сәйкес ішкі істер органдарына, учаскелік инспекторларға қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде тіркелген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың нақты тұруын тексеру бойынша міндеті жүктелген. Осы шетелдіктердің тізімін көші-қон полициясының бөлімшелері ұсынады.
Талдау ішкі істер органдарының осы мақсатқа бағытталған жұмыстарды жүргізбегенін көрсетті, бұл астанаға бақылаусыз көші-қон ағынының артуына әкеп соқтырды.
Қазіргі уақытта Астана аумағына тұлғаларды тіркеуді шектейтін заңды негіздер жоқ.
Заңнамада бар қайшылықтарды жою мақсатында қалалық прокуратура қаланың ішкі істер органдарымен бірлесіп қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және тиісті заңнамалық бастамаларды енгізу жөніндегі жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар, тексеру нәтижелері шетел азаматтарын елден шығарып жіберу үрдісінде бар өзекті мәселелерді және соттың елден шығарып жіберу туралы шешімі шығарылған күннен бастап бес жылдың ішінде елге қайтып оралуға тыйым салынатындығы туралы ережені бұзушылық фактілері айқындалған.
Сот актілерінің негізінде ішкі істер органдары он күннің ішінде деректер базасына Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынған азаматтар туралы мәліметтерді енгізуі тиіс.
Өз кезегінде, уәкілетті органдар көптеген азаматтар туралы мәліметтерді деректер базасына дер кезінде енгізбеген, ол осыған дейін елден шығарылып жіберілген азаматтарға Қазақстанға қайтадан кедергісіз кіруге мүмкіндік туғызды.
Яғни, көші-қон полициясының қызметкерлері тұлғаларды елден шығарып жіберу кезінде заңнама талаптарына қайшы келетін іс-әрекеттер жасаған.
Қазіргі кезде уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдары бар кемшіліктерді жойып, Үйлестіру Кеңесінің ұсынымдарын орындау жөніндегі жұмысты жүргізуде, қала прокурорының өкімімен көші-қон ағындарын бақылау тетігінің тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіретін жұмыс тобы құрылған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.