You are here

Әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатын заттар мен мүліктерді тәркілеу мәселесі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатын заттар мен мүліктерді тәркілейтін әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша прокурорлық қадағалаудың жағдайы мен сот тәжірибесіне талдау жасады. 

2013 жылы соттар осы санатта 11 668 іс қарады (2012 жылы – 8 226). Оның ішінде 7 227 іс бойынша (64,3%) соттар тәркілеу түріндегі қосымша өндіру қолданды.

Алайда, негіз бола тұра соттар барлық жағдайда азаматтық айналымда тыйым салынған заттарды алуға шешімдер қолданбайды. Бірақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске (ӘҚБтК) сәйкес, айналымнан алынған затты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның заңсыз иелiгiнен алып қою тәркiлеу болып табылмайды. Сондықтан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы соттың қаулысында сәйкес мекемеге берілетін немесе жоюға жатқызылатын тыйым салынған заттар мен мүліктерді алу туралы мәселесі шешілуі тиіс.

Сонымен қатар, акцизделген тауарлардың заңсыз айналымы, қарулар мен оқ-дәрілер, авторлық және сабақтас құқықты бұзу, құқық бұзушылықпен алынған заттар салық салу саласында (белгісіз өндірушілердің алкогольдік және темекі өнімдері, айналымға жарамсыз қарулар, контрафактілік тауарлар және т.б.) азаматтық айналымда пайдалану мүмкін болмаған жағдайда оларды соттар алмайды және құқық бұзушының өзіне кері қайтарады.

Мысалы, Қызылорда облысы Жалағаш аудандық соты азаматтық қаруларды сақтау тәртібін бұзу ісі (ӘҚБтК-нің 368-бабы 1-бөлімі) бойынша азамат Р.-ге қатысты қозғалған өндіріс «ИЖ-18» маркілі аңшылық қаруының қолдануға жарамсыз болуымен құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартылды. Осындай жағдайда оның қайтадан пайдаланбайтындығына ешкім кепілдік бермейді.  

«Қазақстан Республикасындағы атыс қаруы мен ок-дәрілердің айналымы ережесіне» сәйкес, қарудың техникалық жағдайын анықтайтын комиссиямен қарудың жағдайы жарамсыз (жөндеуге жатқызылмайды) деп танылса, ол тіркелмейді (қайта тіркелмейді) және қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте жойылуға жатқызылады. Осыған байланысты, Бас прокуратура соттың екі шешіміне құқық бұзушыдан қаруды алып қою және жою үшін ішкі істер органына беру туралы наразылық енгізілді. Жоғарғы сот наразылықтарды қанағаттандырды. Құқық бұзушылықтың құралы болып табылатын заттар мен мүліктерді оның құқық бұзушыға тиесілілігіне қарамастан тәркілеу түріндегі қосымша өндіруді қолдану мәселесі дау туғызады.  

ӘҚБтК-нің талаптарына сәйкес, бұзушылыққа жол берген меншігіндегі зат тәркілеуге жатқызылады. Тәжірибеде соттар, тәркілеу түріндегі қосымша өндіруді баламасыз қолдануына қарамастан, мүліктің құқық бұзушының меншік құқығына жатқызылмайтындығына байланысты жүктемейді. Мұндай тәжірибе құқық бұзушылықты өз деңгейінде алдын алмайды және құқық бұзушылықты құрайтын заттар мен мүліктерді тәркілеуден қасақана бермеу үшін жағдай тудырады.

Осыған байланысты, Бас прокуратура ӘҚБтК-нің 50-бабындағы талаптарды қайта қарау мәселесін шешуде. Яғни, мемлекетке тиісті емес мүлікті қоспағанда, тәркілеу бойынша мүліктің құқық бұзушыға тиесілігіне қарамастан шектеуді алып тастау ұсынылды.   

         Құқық бұзушыдан шығынды мүлкі тәркіленген меншік иесінің пайдасына өндіру туралы мәселе азаматтық сот өндірісі тәртібінде қаралуы тиіс.

ӘҚБтК-нің негізгі бөлігіндегі кейбір санкция нормалары бар болғандықтан, баламалы негізде тәркілеу түріндегі қосымша өндіруді қолдану құқық бұзушылықтың қайталануының жойылуына ықпал етпейді. Себебі, құқық бұзушылықты құрайтын заттар мен мүліктерді кері беру біртекті құқық бұзушылықты қайтадан жасау мүмкіндігін тудырады.

Сонымен қатар, баптардың санкцияларын қайта қарап, құқық бұзушылықтың нәтижесінде мемлекетке шығын келген (мысалы, орманды заңсыз шабу, балық аулау, аңшылықтың тәртібін бұзу) іс бойынша баламалы негізде тәркілеуді алып тастау жолымен қатайту көзделеді.

Сонымен қатар, мемлекетке шығын келтірумен байланысты емес, қоғамға, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін істер (елді-мекендерде атыс қаруынан ату және пиротехникалық заттардың жарылысы; қылмыстық-атқару орындарында, тергеу изоляторында ұстауда отырған адамдарға тыйым салынған заттарды беру; міндетті сәйкестікті растауды қажет ететін, бірақ олардан өтпеген байланыс құралдары пайдалану; мемлекеттік наградаларды заңсыз тағу) бойынша құқық бұзушылықтың заты мен мүліктерді тәркілеуді қолдану бойынша санкцияны қатайтуды қажет етеді. 

Сонымен қатар, прокурорлар соттардың заңсыз кәсіпкерлікпен айналысудан алынған кірістерді тәркілеу түрінде баламалы өндірулерді қолданбау фактілерін анықтады.

Бұл салық органдары материалды сотқа жолдау барысында көрсетілген қызметтен алынған кірісті анықтамауынан орын алады. Сондай-ақ, көрсетілген бұзушылықтар барлық аумақтық салық органдарына тән болып келеді. Осыған байланысты, Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Салық органына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді.

Жалпы алғанда, анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлар мемлекеттік органдар мен соттарға заң бұзушылықты жою туралы 34 ұсыныс жолдады. 

Б.Кельжанов

Бас прокуратура Департаментінің бөлім аға прокуроры

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.