You are here

«Әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласындағы атқарылған жұмыстар»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуда прокуратура органдарының орны ерекше. Прокуратура органдары құқықтық дамудың негізгі бағыттарын анықтайтын тұжырымдамада құқық қорғау жүйесінің «ұйытқысы» деп атап көрсетуі, прокуратураға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл дегеніміз заңсыздық пен құқықбұзушылықтың алдын алу және оған қарсы күрес барысында азаматтармен өзара іс-қимылдар жасау мәселесінде, қадағалау қызметінің өз жұмысын тиімділігін арттыруды және жетілдіруді бағыттайды.

Конситуцияның 83-бабында прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады делінген.  

«Прокуратура туралы» Заңға сәйкес Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратураның мемлекет атынан негізгі бағыттары мен мазмұны көрсетілді.

Осы бағыттардың бірі ретінде Прокуратура әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады және сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi делінген.

Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 582-бабында, яғни, Конституцияның 83-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады деп көрсетілген.

Осының негізінде Әкімшілік кодекстің 583-ші және 599-баптарында  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi нақтылап белгіленген.

Яғни, бұл салада өз өкiлеттiктерiн iске асыру мақсатында әкiмшiлiк iс жүргiзуге қатысуға құқылы екендігі. Бұл орайда оның дәлелдемелер табыс етуi және оларды тексеруге қатысуы, iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды тұлғаға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп отырған адамға қатысты, оның кiнәлiлiгi туралы, сондай-ақ iстiң қаралу процесiнде туындайтын басқа да мәселелер жөнiнде өз пiкiрiн баяндауы, iстi қарап жатқан сотқа, органға заңның ережелерiн қолдану және әкiмшiлiк жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтады. Сондай-ақ, прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қаралатын орны мен уақыты, сондай-ақ әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы оны хабардар етуге міндеттілігі. Ол болмаған кезде, мұндай iс тек iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға дер кезiнде хабарланғандығы туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкiндігі көрсетілген.

Бұл дегеніміз прокурордың әкімшілік іс жүргізу саласындағы рөлінің беделін көрсетеді.

Сонымен қатар Әкімшілік кодекстегі бір ерекшелік бұл әкiмшiлiк жауапқа тартылған тұлғаның, жәбiрленушiнiң, аталған тұлғалардың қорғаушыларының, заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң бірінші сатыдағы соттың қаулысымен келіспеген жағдайда апелляциялық шағымдануға құқығы бар екендігі, ал қылмыстық немесе азаматтық істердегідей кассациялық және қадағалау тәртібімен өздері дербес түрде шағымдануға мүмкіншілігі жоқтығы. Әкімшілік іс жүргізуде кассациялық тәртіппен істі қайта қарау қолданыстағы әкімшілік заңнамада көрсетілмеген.

Дегенмен, азаматтар шағымдану мүмкіндігін прокуратура органдары арқылы жүзеге асыралады. Яғни, әкімшілік іс бойынша шығарылған соттың қаулысы апелляциялық сотта қайта қаралған соң, бірден күшіне енеді. Ал, заңды күшіне енген соттың актілерін наразылық тәртіппен қарауға, яғни өтiнiштер мен арыздар жасауға әкiмшiлiк жауапқа тартылған тұлға, жәбiрленушi немесе іске қатысты өзге де тұлғалар тек прокуратура органдары арқылы жүзеге асыра алады. Бұл мүмкіншілік Әкімішілік кодекстің 40-тарауында нақтылап көрсетілген.

Бұл дегеніміз прокуратура органдарына азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарауда үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі әкімшілік іс бойынша Жоғарғы Сотқа арыздануды азаматтар тек прокуратура органдары арқылы жүзеге асырады.

Осыған орай, Бас прокуратура әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауда, әсіресе азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстарын атқарып келеді. 

Статистикаға жүгінсек 2012 жылдың 9-айында Республиканың соттарымен 235 434 іс, оның ішінде прокурордың қатысуымен 110 234 іс қаралса, ал 2013 жылдың 9-айында бұл көрсеткіш 292 824 құрап, оның ішінде прокурордың қатысуымен 186 191 іс қаралды.

Прокурорлармен былтырғы жылдың 9-айында 422 апелляциялық наразылық келтірілсе, ал биыл бұл апелляциялық наразылықтардың саны 445-ке жетті, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,5% өсіп отыр.

Жылдан-жылға сотта қаралған әкімшілік істердің өсіп келуімен, азаматтар мен заңды тұлғалардың Бас прокуратураға жазған арыздары да ұлғайып келеді. Өткен жылы әкімшілік іс бойынша шығарылған сот қаулыларымен келіспеу жөнінде Жоғарғы Сотқа наразылық енгізу жөнінде Бас прокуратураға 800-ден астам өтініштер түссе, биыл бұл көрсеткіш 1000-нан асып кетті.

Осы арыздарды қарау нәтижесімен былтырғы жылдың 12 айында Бас прокуратура Жоғарғы Сотқа қадағалау тәртібімен 82 наразылық енгізсе, оның 61-і Жоғарғы Сотпен қанағаттандырылса, ал, үстіміздегі жылдың 10 айдың ішінде ғана Жоғарғы Сотта Бас прокуратураның 107-наразылығы қаралып, оның 85-і қанағаттандырылды.

Наразылықтарды енгізумен биыл мемлекеттік бюджетке 465 млн. теңгеден астам ақша өндірілді.

Мәселен, ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Жоғарғы Сотпен «Варваринское» АҚ-на қатысты әкімшілік іс бойынша негізсіз қысқартылған соттың қаулысы бұзылып, кейін аталған кәсіпорын  Әкімшілік кодекстің 209-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 459 383 574 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бас прокуратураның наразылығы қанағаттандырылды. Сондай-ақ, Жоғарғы Сотқа қадағалау тәртібімен наразылық енгізу нәтижесімен де азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарда атқарылуда.

Оған бір мысал ретінде, ӘҚБтК-тің 468-1 бабымен жауапкершілікке тартылған Н.Ляпинге қатысты әкімшілік іс бойынша қадағалау тәртібімен наразылықты айтуға болады, нәтижесінде сот қаулысы заңға сәйкестендірілді. Сондай-ақ, соңынан осы іс бойынша қабылданған сот актісі көрсетілген санатта қаралатын істер бойынша әкімшілік жазаны дұрыс қолдану жөнінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен республикадағы сот тәжірибесін қалыптастыруға негіз болды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіде Бас прокуратураның үнемі назарында. Биыл қадағалау тәртібімен наразылық енгізу және олардың Жоғарғы Сотта қарауымен 29 бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.

Яғни, үстіміздегі жылы Бас прокуратура салық, кеден, экология және қоршаған ортаны қорғау, көлік саласы, жасөспірімдердің, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік сатып алу, білім беру мен денсаулық сақтау, жер қатынастары саласында заңдылықтың сақталуына және басқа да бағыттар бойынша әкімшілік істерді тексеру жұмыстарын жүргізуде. 

Алдағы уақытта да осы әкімшілік заңнамасын қадағалау саласында Бас прокуратура басшылығымен қойылып отырған басым бағыттар мен талаптарға сай тәжірибелі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жолындағы жұмыстар атқарылатынына сенемін.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
4-Департаментінің
Әкімшілік істер бойынша сот
актілерінің заңдылығын қадағалау
бөлімінің аға прокуроры
Абат Төремұратұлы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.