You are here

Интернет кеңістігінде заңсыз материалдарды таратуға тосқауыл қою туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмарал Турабаева,

Бас прокуратура 1-ші Департаментінің

бөлім аға прокуроры

Кейінгі кездері интернет екпінді дамуда және қолданушылардың көпшілігі әртүрлі ақпаратқа қол жеткізіп отырған әлеуметтік желілердің танымалдылығы күннен күнге артып келеді.

Әлеуметтік желілердің танымалдылығымен бірге бүкіл әлемде ауқымды сипатқа иеленудегі экстремистік және террористік идеологияның кеңінен таратылуы  да қарқын алуда.

Бүгінде Қазақстан тұрғындары интернет арқылы діни экстремизм мен терроризм идеяларының негізінен шетелден насихатталуына жиірек ұшырауда.

Террористік ұйымдар күнделікті интернет желісі арқылы өз қатарларына жаңа жақтастарды тартумен айналысуда. Түбінде террористік ұйымдардың іс-қимылдары жалпы әлемдегі тұрақтылықты бұзуға бағытталған.

Осындай көріністермен күресу үшін еліміздің мемлекеттік органдары терроризмнің қауіптерінен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының жүйесін пысықтады, оның тиімділігі арттырылуда.

Бұдан басқа, радикалды идеологияның интернет кеңістігінде таралуына қарсы іс-қимыл терроризмге қарсы қызметтің аса маңызды және мағыналы мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені оның міндетіне құқыққа қайшы мазмұнның таралуының жолын кесу ғана емес, сондай-ақ, интернет желісінің қолданушыларында радикалды идеялардың қалыптасуына жол бермеу.

Прокуратура органдары басқа мемлекеттік органдармен бірге заңсыз материалдардың таралуына жол бермеу мақсатында экстремизм мен терроизмді насихаттайтын, сондай-ақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды және жарылғыш заттарды дайындау бойынша материалдарды тарататын интернет-ресурстарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде.

Осы жұмыс аясында жүз мыңнан астам интернет-ресурстың мониторингі жүзеге асырылды.

Экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттаудың, сондай-ақ, жарылғыш құрылғыларды қолдан жасау тәсілдері туралы ақпаратты таратудың анықталған фактілері бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, сотқа дейінгі реттеу шаралары қабылданды.

Соңғы бес жылда еліміздің соттары бір мыңнан астам интернет-ресурстардың өнімдерін заңсыз деп тану туралы прокурорлардың және уәкілетті органның арыздарын қанағаттандырып, олардың Қазақстан аумағында таратылуын тоқтатты.

Сотқа дейінгі тәртіпте интернет-ресурстардың иелерімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде екі жүзден астам материал жойылды.

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.