You are here

Есірткімен күрес-келешек кепілі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылы елімізде 28 тоннадан астам есірткі тәркіленген

Самат Бодықов, Бас прокуратура Департаментінің аға прокуроры

Бүгінгі тандағы ғасыр дерті - есірткімен күрес құқық қорғау органдары жұмысының аса маңызды салаларының біріне айналып отыр. Өйткені нашақорлық проблемасы қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерінің арасындағы ең өткірінің бірі болып отыр.

Есірткінің заңсыз тасымалдануы қоғамның қалыпты дамуына, отбасы үйлесімділігіне барынша зиянын тигізіп, жасөспірімдердің өмірдегі өз жолын таңдауына, ұрпақ тәрбиесіндегі кейбір түйінді мәселелерді дұрыс шешуге кедергі келтіруде.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында есірткі қылмыстарымен күресу тәжірибесі болмағандықтан, бұл қылмысқа тосқауыл қоюдың нәтижесі төмен болып келген болатын, ал қазіргі уақытта осындай қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуде құқық қорғау органдары сәйкес тәжірибе жинақтады.

Уәкілетті органдардың есірткімен күресте бірлесіп жүргізген кешенді жұмыстарының нәтижесінде есірткі тасымалдау арналарына тосқауыл қойылып, оны таратушыларға қарсы күрес күшейтілді, сөйтіп, бұл саладағы бірқатар қылмыстардың беті ашылды.

Прокуратура органдары құқық қорғау органдарының ұйытқысы ретінде есірткі қылмыстарымен күресті үйлестіруді және осы саладағы заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыруда.

Статистикаға жүгінсек, 2013 жылы елімізде есірткі айналымына байланысты 3639 қылмыс тіркелген, олардың 92,9 пайызы ішкі істер органдарына, 5,1%-ы ұлттық қауіпсіздік органдарына және 1,8%-ы кедендік бақылау органдарына тиесілі.

Республика бойынша бір жыл ішінде 28,07 тонна есірткі тәркіленіп, оны сату әрекеттерімен ұсталғандарға қатысты 2155 қылмыстық іс қозғалды.

Соның бірқатарынан мысал келтіретін болсақ, 2013 жылдың маусым айында Жамбыл облыстық ІІД жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөлікті тексеру барысында бір жолаушының ішкі ағзасынан 97,5 гр. героин табылған.

Тасымалдануға тиісті емес мұндай заттарды дер кезінде ашуға бірқатар құқық қорғау органдарының иісшіл иттермен жұмыс істеуді жетілдіруі ойдағыдай нәтижесін беруде. Атап айтқанда, Шу ауданның IIБ қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары барысында «Toyota» маркалы автокөлігін тексеру барысында бір жолаушыдан иісшіл иттің көмегімен салмағы 1 кг астам «гашиш» табылды. Бұл дерек бойынша кінәліге қатысты ҚР ҚК 259-бабының 1-1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Жасыратыны жоқ, есірткі қылмысын ашуға құқық қорғау органдары іздестіру жұмысын түрлендіріп, іздестіру құрал-жабдықтарын жан-жақты жетілдірген сайын, есірткі тасымалдаушылар да өздерінің айла-шарғыларын күннен күнге өзгертіп, түрлі амалдар ойлап табуда.

Атап айтқанда, интернеттегі «Qiwi-кошелек» төлем жүйесі арқылы героинді сатумен айналысатын топтың қызметі әшкереленіп, оның барысында жүргізілген жедел-іздестіру шараларымен Өскемен қаласының екі тұрғынынан жалпы салмағы 1 кг 300 гр. «героин» алынған.

Қазіргі кезде есірткімен байланысты қылмыстарға көршілес мемлекет азаматтары да баруда, олар жұмыссыздықты осындай қылмысты сапармен ауыстырса, енді біреулері осы жолмен баюды мақсат еткен.

Шетелдік азаматтардың араласуымен болған есірткі тасымалдау фактілері бойынша 113 адам ұсталса, олардың ішінде 56–Ресей Федерациясы, 31-Қырғызстан, 18-Өзбекстан, 4-Тәжікстан, 2-Украина және 2 алыс шет ел азаматтары бар. Сонымен бірге азаматтығы жоқ 14 адам құқық қорғау органдарының қақпанына түсті.

Сондай-ақ қылмысты қудалау органдары шекарадан контрабандалық жолмен есірткі тасымалдау бойынша 228 қылмысты анықтады.

2013 жылдың қазан айында теміржол кеден бекетінде шекара бақылаушылары және полиция қызметкерілері «Павлодар-Кулунда» бағытындағы жүк пойызының тепловозын тексеру барысында 2 кг жуық мөлшерде «героин» есірткі затын тапты.

Құқық қорғау органдарының осындай жан-жақты іс-шаралар жүргізуіне қарамастан, адам ағзасын уландыратын, оның қалыпты еңбек етіп, өмір сүруіне кері ықпалын тигізетін есірткі заттарының жұртшылық арасына  таралуына үзілді-кесілді тосқауыл қойылмай отыр. Мұның бір себебі - қоғамдағы бұл қауіпті құбылысқа қарсы күрестің тек қана құқық қорғаушылар тарапынан жүргізілуі. Бұл қасіреті көп, шамадан тыс қолданылуы қайғылы оқиғаға апарып соқтыратын улы заттардың жастар арасында таралуына тұтас қоғам болып күресуді жолға қою қажет.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күресте терең талдау жұмыстарын жүргізіп, есірткіні бөлшектеп сатушыларды ғана емес, осы қылмысты ұйымдастырушылар болып табылатын қылмыстық топтардың мүшелерін ұстауға және жазалауға күш салуы қажет.

Алдағы уақытта прокуратура құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша қызметін тиісінше үйлестіру қызметін одан әрі жалғастыратын болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.