You are here

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бекжан Қараманов,

Бас прокуратураның

1-ші Департаменті

бөлімінің аға прокуроры                                          

Экстремизм және терроризм қатерлерінің көріністерін бейтараптандыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң әзірлеген болатын.

Бұл толықтырулар бойынша ақпараттық материалдарды сот тәртібінде террористік деп тану процедурасы бекітілді.

Сот-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, біздің азаматтарымызды терроризмге тарту шетел эмиссарларының және радикалдық идеологияның уағыздаушылары ғана емес, террористік мазмұны бар ақпараттық материалдардың әсерімен де жүзеге асырылады. Осындай материалдарда террористік қызмет насихатталады және ақталады, қолдан жасалатын жарылғыш заттарды дайындау және терроризм актілерін жасау бойынша нақты нұсқаулар қамтылады.

Дей тұрғанымен, егер де бұрын қолданыста болған заңнамада сот тәртібінде экстремистік материалдар таратылуының жолын кесуге мүмкіндік беретін болған болса, онда террористік мазмұны бар материалдар бойынша мұндай рәсім болмаған.

Осыған байланысты, осы рәсімді құқықтық негізде бекіту террористік деп танылған ақпараттық материалдарды ел аумағына әкелудің, сақтаудың, басып шығарудың және таратудың жолын кесуге мүмкіндік берді.

Сот экстремистік деп таныған ұйымның мүлкін тәркілеуді және мемлекет кірісіне алуды бекіту заңның басқа жаңашылдығы болып табылады.

Қазақстанда тіркелген ұйымның біреуін экстремистік деп тану кезінде мемлекеттік органдар алғашқы рет заңдағы аталған жетіспеушілікке 2012 жылы тап болды. Мұндай ұйымдардың жұмыс істеуін оның барлық қаржылық және материалдық активтерін тәркілеу арқылы ғана толық көлемде жолын кесуге мүмкін болады.

Экстремистік немесе террористік мақсаттарды ұстанатын тұлғалардың ел аумағына кіруінің және шетелге шығуының жолын кесу бойынша құқықтық негіздер бекітілді. Нақты айтқанда, экстремизмге немесе террористік қызметке қатысты шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне тыйым салынды.

Сондай-ақ, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жеке және заңды тұлғаларға орындалуы міндетті алдын ала ескертулерді хабарлау арқылы профилактикалық сипаттағы ықпал ету шаралары көзделген толықтырулар енгізілді.

Талдау көрсеткендей, ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми алдын ала ескертулерін алғаннан кейін барлық дерлік тұлғалар өздерінің қылмыстық ниеттерінен бас тартқан.

Осылайша, ұлттық қауіпсіздік органдарына осы құқықты беру экстремистік және террористік құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге бағытталған болжамдалған нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.