You are here

«Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл – қоғам тұрақтылығының кепілі»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылы бұрынғы жылдардағыдай құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі радикализм белгілерінің себептері мен жағдайларын болдырмауға бағдарланған.

Осының негізінде радикалды идеологиямен әуестенген тұлғаның типтік бейнесін жасадық. Бұл көбінесе өткен өмірі криминалды, тұрақты жұмысы және жоғары білімі жоқ жастар. Олардың діни сауаты жоқ. Діни әдебиеттерді оқымаған және оқығысы да келмейді.

Өздерінің дін, жақсылық және жамандық туралы көзқарастарын интернеттен алынған күмәнді материалдарға негіздейді. Терроризмді насихаттайтындарға ойланбастан сенеді.

Олардың дәл осы жерде радикализмге тартылуларының бірінші сатысы басталады.

Азғырып көндірушілер азаматтардың материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын пайдалана отырып, үстемдік жүргізеді. Осындай насихаттаушылардың ықпалына түскендер жаңа экстремистерді жасаудың қолайлы құралына айналады.

Нәтижесінде олар экстремистік және террористік қылмыстарды жасау жолына көшеді. Осындай істер бойынша 2016 жылы сот үкімімен 143 адам жазаға тартылды.

Осы факторларды ескеріп, Ақтөбе облысында оның тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жөніндегі жоба іске асырылды. Оған білікті деген 230 маман қатысты. Бұл - теолог, тәжірибелі имам, дәрігер, қаржыгер, психолог және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері.

Олар бір айдың ішінде 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізді. Шара 145 мың адамды қамтыды.

Сарапшылар жастар, студенттер және оқушылар, мұғалімдер және еңбек ұжымдарымен кездесті. Олар радикалды идеологияның мәнін, террористер адамдардықалай азғырып көндіретіндіктерін, қандай әдістерді қолданатындығын түсіндірді.

Сол жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешті. Азаматтарды жұмысқа орналастырды. Жалақы бойынша қарыздарды өтеу бойынша шаралар қолданды, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды.

Астана мен Алматы емханаларының білікті дәрігерлері 4 мыңнан астам адамды қарады, оларға ем тағайындады. Мүгедектерді өз үйлерінде қарап, оларға протез салып берді.Кресло-коляскалар жеткізілді. Жергілікті жерлерде жедел оталар жасалды. Оң мыңға жуық адам профилактикалық тексерулерден өтті.

Ауыл әкімдерін бизнес идеялармен қамтамасыз етті. Енді олар кәсіпкерлерге көмектесуде. Жергілікті мамандар тобы оқытылып, дайындалды. Олар басталған жұмысты облыстың басқа аудандарында жалғастырды.

Аталған топ жұмыс  қорытындысы бойынша әкімшілік тосқауылдар, соның ішінде Ақтөбе облысының дамуына кедергі болып тұрған құқықтық тосқауылдардың тізілімін жасақтады. Бұл - шағын бизнесті, ауыл шаруашылығы және басқа әлеуметтік-маңызды салаларды дамыту мәселелері. Қазір Үкімет оларды шешу жолдарынмен айналысуда.

Жалпы, Ақтөбе облысында қол жеткізілген тәжірибе әдістемелік құралға жинақталып, басқа аймақтарға да таратылуда. Мысалы, дәл осы тәсілді қолдана отырып Астанада «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» жобасы іске асырылуда. Ол қала тұрғындарының өзекті проблемаларын шешуге бағытталған.

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың басқа маңызды құрамдас бөлігі - қарсы насихаттауболып табылады, сондай-ақ Жаһандық желіде де насихаттау.

Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде радикалды діни идеологияның жағымсыз мәнін әшкерелейтін материалдардың орналастырылуы, радио – телебағдарламалардың шығуы қамтамасыз етілуде.

Мысалы республикалық және жергілікті БАҚ-тарда прокурорлардың бастамасымен «Адасқандар» және «Бейбітшілік мекені» деректі фильмдері көрсетілді. Онда өз көзқарастарының қателігін түсінген адамдармен сұхбат көрсетілген.

Біздің бастамамызбен әлеуметтік желілерде терроризмге шақыратын бейнетүсірілімдерді жою бойынша нұсқаулық орналастырылды.

Осы ретте біздіпайдаланушылар қандай интернет-ресурстарға көбірек жүгінеді екен деген сұрақ ойландырды.

Іздеу жүйелерін талдадық. Іздеу қызметтерінің бірінші беттерінде орналасқан ресурстар ең көп қаралады деген қорытындыға келдік. Ол «ТОП-10» деп аталатындар. Оларға пайдаланушылардың 95% астамы назар аударады.

Қазір біз осы іздеу қызметтерінің бірінші беттеріне біздің насихат материалдарымызды енгізу жобасымен айналысудамыз. Интернетті құқыққа қайшы контенттен тазарту шараларын белсенділігін арттырдық.

Жалпы, 2016 жылы Бас прокуратураАқпарат және коммуникациялар министрлігінеинтернет-ресурстардың 33 материалына қол жетімділікті уақытшатоқтату бойынша шаралар қабылдау туралы 7 ұйғарым енгізіді. Мазмұнында экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 95 сілтеме оқшауланды.

Прокурорлардың арыздары бойынша сот 19 ақпараттық материалдарды экстремистік, 13 террористік деп танып, олардың елде таратылуына тыйым салды.

Әлбетте, бірде бір мемлекет терроризммен, соның ішінде Интернетте радикализм насихатыменжалғыз өзі күресе алмайтындығы барлығымызға түсінікті.

Бұл салада халықаралық құқықтық акт қажет.

Бұл жұмыс Қазақстанда бүгінгі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халықаралық терроризммен күрес бойынша жаһандық желіні құру туралы 2015 жылғы 29 қыркүйекте Нью-Йоркта айтылған бастамасын іске асыру аясында жүргізіліп келеді.

Осы жұмысқа Бас прокуратура белсене қатысуда.

Аталған хылықаралық құқықтық актіні еліміздің Сыртқы істер министрлігінің «Халықаралық терроризм туралы Барлығын қамтитын конвенция жобасын әзірлеудің теоретикалық-тәжірибелік аспектілері» атты дөңгелек үстел бастамасының барысында әзірлеу қажеттілігі бойынша 21 ақпандапрокурорлармен конструктивті ұсыныстар енгізілді.

Экстремиз мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасуда.

Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Қоғамдық қауіпсіздік туралы
заңнаманың қолданылуын қадағалау
департаменті бастығының орынбасары –
Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл
туралы заңдардың қолданылуын қадағалау
басқармасының бастығы
Қ. Сәкенов

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.