You are here

Діни қарым-қатынастар саласындағы кеңес беру және тәжірибелік көмек көрсету бойынша «Қауырт желінің» жұмысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Берік Жүсіпов,
Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық
саладағы заңдылықты қадағалау
департаментінің аға прокуроры

Прокуратура органдары ақпараттық-түсіндіру сипатындағы әртүрлі іс-шараларды өткізу жолымен діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу бойынша жұмысқа өзінің үлесін қосуда. Іс-шаралармен іс жүзінде барлық мақсатты топтар, оның ішінде өзінің діни көзқарастарына байланысты дұрыс өмірлік жолын таңдау мәселесінде қиындыққа кезіккен адамдар қамтылған.

Тұрғындарға кеңестік және тәжірибелік көмек көрсету үшін «Діндерді зерттеу орталықтарының қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі жанында 2013 жылы тұрғындарды діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес беру, сондай-ақ, деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге психологиялық жәрдем көрсету үшін «Қауырт желі» орталығы құрылды.

Осындай сенім желісінің ашылуы Қазақстанда ғана емес, жалпы барлық бұрынғы кеңес үкіметі кеңістігіндегі бірінші бастама болды.

Кеңес беру жасырын өткізіледі және кәсіби заңгерлермен, теологтармен, дінтанушылармен, психологтармен жүргізіледі. Сонымен қатар, Орталық аумақтық орталық-серіктестермен ынтамақтасуда, бұл қажеттілік туындаған кезде тұрғылықты жерлерде тиісті көмек көрсету мүмкіндік береді.

Қоңыраулардың тақырыбы негізінен қолданыстағы заңнаманың бұзылуымен және жеке тұлғаға, отбасыға, қоғамға қатысты діни топтар тарапынан деструктивті іс-қимылдармен байланысты. Сонымен қатар, адамдар зардап шеккендерге оңалту бойынша көмек көрсетуді өтінеді. Бұл жұмыста жергілікті жерлерде кеңес беруді өткізетін аймақтардағы орталықтар біріктірілген.

«Қауырт желі» қызмет атқарғаннан бастап орталыққа 2047 азамат өтініш жасады, олардың 97-сі оңалтудан өтті. 20 хабар бойынша құқық қорғау және уәкілетті органдарға тиісті шаралар қолдану үшін ақпарат берілді.

Осыған орай, егер азаматқа немесе оның жақындарына:

- түсініксіз діни идеялар мәжбүрлеп берілсе және олар діни тақырыпта агрессивті үгіт-насихатқа тартылса;

- күмәнді діни әдебиеттердің, соның ішінде көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде таратылуы туралы белгілі болса;

- діни жоралар мен іс-шараларға қатысу мәжбүрлеп берілсе немесе діни сипаттағы күдікті жиындар мазалаған болса;

- күмәнді адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түсіп жатса;

- діни сипаттағы проблемалардың салдарынан қиын өмірлік жағдайға ұшыраған болса;

- дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегі қажет болса, онда ол «Қауырт желі» орталығына жүгіне алады.

Қоңыраулар «114» қысқа нөміріне Қазақстанның кез келген жерінен қалалық телефоннан тегін қабылданады. Сонымен қатар, 8 777 0000 114 (Билайн абоненттері үшін тегін) ұялы нөмірі жұмыс істейді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.