You are here

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруды прокурорлық тексерудің нәтижелері туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2010 жылы жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін индустриализацияны жеделдетуге және шикізаттық емес секторларда аймақтық кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» (бұдан әрі – Бағдарлама) бағдарламасы қабылданды.

Бағдарламаның шеңберінде жаңадан кәсіпкерлікті бастап жүрген субъектілерді гранттық қаржыландыру, заемдар бойынша сыйақы ставкаларының бөлігін субсидиялау, несиелерге кепілдік беру, кәсіпкерлерді оқыту және бизнес жүргізуді сервистік қолдау жүзеге асырылды.

Көрсетілген бағытта соңғы үш жылда бюджеттен 54 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, 3,5 мыңнан астам кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсетілді.

Аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, прокуратура органдары Бағдарламаның жүзеге асырылуының заңдылығына тексеру жүргізді, олардың нәтижелері көптеген бұзушылықтарға жол берілгенін куәландырып отыр.

Атап айтқанда, бірқатар жағдайларда Өңірлік үйлестіру кеңестері бюджет қаражаттарын тиімсіз жұмсауға әкеп соқтырған шешімдер қабылданған.

Қызылорда облысында 2010 жылы аталған кеңеспен құрылысы басталмаған цемент зауытына құны 1,1 млрд. теңге тұратын сыртқы инженерлік жүйелердің құрылысын салу келісілген, оның 463 млн. теңгесі игерілген. Бұл ретте тексеру мердігердің 284 млн. теңгені ұрлағанын айқындады.

Дәл осылайша Жамбыл (325 млн. теңге) және Қарағанды (623,8 млн. теңге) облыстарында әлі құрылысы аяқталмаған өндірістік объектілердің жетіспейтін инфрақұрылымдарын жүргізу үшін қаржы бөлінген.

Сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру жылдары бүгінгі күнге дейін әрекет етпейтін немесе пайдалануға берілмеген объектілердің инфрақұрылымын жасауға 380 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген.

Мәселен, 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха қаласында пайдалануға бүгінгі күнге дейін берілмеген шекаралық әріптестікке арналған логистикалық орталыққа құны 157,6 млн. теңгені құрайтын өндірістік инфрақұрылым жүргізілген.

Кәсіпкерлерге кеңес беру үшін бөлінген ақша қаражаттарын сервистік компаниялардың ұрлау фактілері анықталды.

Атап айтқанда, «Нейстон» ЖШС (Астана қаласы) 160 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсету жөнінде жалған есептер жасай отырып, 14,9 млн. теңгені иеленіп кеткен.

Бұл факт бойынша прокуратура алаяқтық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады және қазіргі уақытта аталған компанияның басшысы сотталды.

Дәл осындай қылмыстық істер Алматы қаласы, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша қозғалды.

Мұндай заңсыз іс-әрекеттермен мемлекетке 80 млн. теңгеден астам сомада шығын келтірілді.

Тексеру көрсеткендей, кәсіпкерлік субъектілері қаржыландыру жөнінде өтініш білдірген жағдайда өтінімдерді қанағаттандырудан заңсыз бас тарту немесе оларды қарау кезінде сөзбұйдаға салу жағдайларымен кездескен.

Бас прокуратура Бағдарламаның жүзеге асырылуын талдау барысында елдің алты аймағында кәсіпкерлердің арасында сауалнама жүргізді, оның нәтижесі сұрау алынғандардың жартысынан көбі мемлекет көрсететін көмек жөнінде білмейтіндіктерін көрсетті.

Кәсіпкерлердің бағдарлама жөнінде білмеуі Бағдарламаның бизнес үшін қолжетімділігіне айтарлықтай әсер етеді, сондай-ақ мақсатты топтар ақпараттық-насихат жұмыстарын жеткіліксіз жүргіздгендігі куәландырып отыр.

Тексерудің нәтижелері бойынша Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді, оған сәйкес Үкімет Бағдарламаны жүзеге асыруға бақылауды күшейту және қаржыландыруды алуға кәсіпкерлердің қолжетімділігін оңайлату бойынша шаралар қабылдауда.

 

 

Бас прокуратура 1-ші Департаментінің

Кәсіпкерлік саласындағы

заңдардың қолданылуын

қадағалау бөлімі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.