You are here

Бас прокуратура қоғамда қордаланған алимент алмаған ана, бағусыз бала, жұбы жараспаған жанұя мәселесі түйінін Үйлестіру кеңесінде тарқатты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» стратегиясы жолдауында«Балалар - қоғамның ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын...» делінген. 

Конституцияның 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әкежәне бала мемлекеттiңқорғауындаболады.

Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрi мiндетiделінген.

Парызынорындауға міндетті көптеген азаматтар өз ұрпағының буынын бекітіп,бұғанасын қатайтып, иманды тәрбие беріп, Егеменді елге қызмет жасайтын ұлтжанды ұрпақ өсірмек түгілі, балаларын бағып-қағуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етуден қашып жүр. 

Бүгінгі күні сот орындаушылардың өндірісінде 270 мың баланы бағып-күтуге арналған алимент өндіру туралы 200 мың атқарушылық өндірістер бар, олар бойынша 8,4 млрд. теңге алимент қарызы төленбеген.

Алимент төлеу санының өсуіне негізгі себеп - ажырасудың көбеюі.

Қазақстан 2014 жылы ажырасу саны бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы 10 мемлекеттің қатарына қосылды.  

Сондықтан соңғы 5 жылда алимент өндіру саны 2 есеге күрт өсіп отыр.  

Қоғамдағы осы күрделі мәселемен күресуге бір ғана мемлекеттік органның күші жетпейтінін уақыт дәлелдеді.

Бас Прокурордың ұсынысымен 2016 жылы қазанайында бұл түйінді мәселені оңтайлы шешу Үйлестіру кеңесінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе қарап, «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» Жол картасы дайындалды.

Жобаның мақсаты - алиментті өндірудің тиімді жүйесін құру.

Міндеттері - алиментті мәжбүрлі өндіру жүйесін жетілдіру, тиімді өндіру үшін заңды және қалыптасқан тәжірибені өзгерту, өндіру рәсімдерін жетілдіру үшін қызметтің жаңа түрлерін әзірлеу және енгізу, өндіру мәселелері бойынша уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының алгоритімін әзірлеу және бекіту.

Алға қойылған осы мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін еліміздің барлық облыс орталықтарында мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің біріккен ведомствоаралық жұмысшы топтары құрылып, бірнеше қалалар мен аудандар таңдалып алынып, жұмысы мен қаражаты жоқ борышкерлер жұмысқа орналастырылып, ал алиментті төлеуден қашқандар жауаптылыққа тартылуда.

Қарқынды жұмыс Астана қаласының Алматы ауданындабасталды.

Жоба аясында еліміз бойынша 1621 борышкер жұмысқа орналастырылып, олардың еңбек ақыларынан алимент берешектері ұсталған.

Ұсынылған жұмыстардан бірнеше рет бас тартқан борышкерлермен күрес қызу жүргізілуде, олардыңалимент төлеуге шаралар қабылдамағаны үшін  жауаптылықтары шешілуде. 

Сондай-ақ, алиментті толық орындауға мүмкіндігі болса да мардымсыз ақшалай соманы төлеген борышкерлердің де жауаптылығы шешілетін болады.

Алиментті төлемеу үшін жалақысын,мүліктерін жасырып қалған,мүліктерін иеліктерінен шығарған, жұмыс орны және өзге кірістер туралы сот орындаушыларға ақпарат бермеген, ақшалай қаражатымен мүліктерін басқа да мақсаттарға пайдаланған борышкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылуда.   

Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеужайлы міндеттерді орындамаған 150 борышкерге қатысты қылмыстық істер сотқа жолданып, оның 138-і Қылмыстық кодекстің 139-бабымен жазаға тартылып, қалғандары қаралуда.

Үш ай жүргізілгенжұмыстар нәтижесінде сот орындаушылардан өздерінің жұмыс орындарын жасырған 3 304 борышкер анықталып, олардың еңбек ақыларынан алимент берешектері өндірген.

Балалардың пайдасына төленген 950 млн. теңге алимент қарызының 217 млн. теңгесі прокурорлардың қадағалау актілері негізінде өндірілді.

Сонымен қатар, 23 427 борышкерге ел аумағынан шығуға тыйым салынып, алимент берешектерін төлегенге дейін 1 546 борышкердің жүргізушілік куәліктерін қолдану тоқтатылып, борышкерлердің 1 996 дана мүліктеріне тоқтам қойылған.

Бұдан басқа, алимент өндіру туралы сот актісін орындамағаны үшін 4 519 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Алимент төлеуден қашқандарға мәжбүрлепжұмыс жасату туралы жазаның жаңа түрін Қылмыстық кодекскеенгізу және олардың мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалануын шектеуді күшейту мәселесі талқылануда.

Балалардың игілігі үшін жасалып жатқан игі бастамада прокуратура органдары тек үйлестіруші ролімен шектелмей, білек сыбанып, мүдделі органдармен күш біріктіріп, халықпен қоян-қолтық жұмыс жасауда.

Еліміздің барлық облыс, қала, аудан прокуратура қызметкерлері осы жобаны жүзеге асыру аясындаазаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаулар жүргізіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде.

Борышкерлерді жұмысқа орналасу, заман талабына сай әртүрлі мамандықтар алу, алимент қарызын төлеудің басқа да тиімді жолдарыжайлы мәселелерін шешіп,кеңес беруге прокуратура қызметкерлері әрдайым дайын.

Неке мен отбасы, ана мен әке және баланы мемлекет қорғайды, ал бауыр еті балаларына қамқорлық жасап, оларды тәрбиелеу әрбір ата-ананың міндеті екенін терең түсінуі қажет.

Алимент мәселесінен гөрі неке бұзылуының белең алуы өзекті мәселе.

Отанымызды некенің ажырасу саны бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы  мемлекеттердің қатарынан шығару -  ел болып күресетін ауқымды шаруа.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
4-ші Департамент
бөлімінің бастығы
Е. Тұрмағамбетов

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.