You are here

Азаматтардың құқығын қорғау – Абзал іс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Дала мен Қала»
2 Қазан 2013

Данияр ШЕКІМОВ,
ҚР Бас прокуратурасы халықаралық ынтымақтастық басқармасының аға прокуроры.

Шетелге сапарлап баратын қазақ­стандық азаматтардың мүдделерін қорғау, яғни, олар ауыр ахуалға тап болғанда құқықтық-моральдық кеңес беру, жалпылай алғанда, заңдық тұр­ғыдан жан-жақты көмек көрсету – еліміздің Сыртқы істер министр­лі­гінің консульдік мекемелеріне жүк­телген.

Иә, консульдықтарға жүктелген бұдан басқа да жұмыстар жетіп артылады. Алайда осылардың ішіндегі ең ілкімдісі әрі бір­ден-бір басым бағыты – шетелде ар-намысы аяққа тапталған болмаса қарақ­шылардың қолынан жәбір көрген қазақ­стандық азаматтарды қараусыз қал­дырмау.

Еліміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайы түзелгелі бері сырт елге саяхаттап баратын жерлестеріміздің саны жыл өткен сайын өскен үстіне өсіп келеді. Олардың барлығын бірдей «екі шоқып, бір қарап», тұрақты қадағалап отыру мүм­кін емес екені тағы белгілі. Осы ретте консульдық мекемелер биылдан бастап азаматтарға қызмет көрсетудің жаңа әдіс-тәсілдерін игере бастады. Биылдан бастап елшіліктер түйінді мәселелерімен арызданып келетін еліміздің азаматтарына тез арада әрі тиімді көмек көрсететіндей жүйеге көшеді. Бұл өз кезегінде артында адам тағдыры тұрған кейбір мәселелердің ізін суытпай ашуға, сондай-ақ қызмет сапасының артуына үлес қосары анық. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі еліміздің елшіліктеріне ең алдымен құқықтық не­гізде сенім артқан қазақстандықтар еш алаңсыз жүреріне сенімдіміз. Қазіргі уақытта шетелге баратын қазақстандық­тарды ол жақта орын алуы мүмкін қауіп пен қатерден сақтандыру үшін Бас про­куратураның бастамасы бойынша СІМ-мен «ҚР азаматтарының баруы қауіпті болып табылатын елдердің тізімі» жа­­­сақ­талып жатыр. Аталған тізім алдағы уақытта ми­нистрлік пен басқа да әкім­шілік-құ­қықтық органдардың веб-сайт­тарында жарық көретін болады. Бұған қо­са алдын ала ес­керту құралы ретінде «шетелге баратын Қазақстан азаматтары үшін жадынама» және «ҚР шетелдік мекемелерінің байланыс деректері мен жалпы ұсыныстары» көрсетілген ақпа­раттық хабарламаның жобасы жасақта­лынып жатқанын айта кетелік. Аталған хабарлама БҒМ, Индус­трия және жаңа технологиялар министр­лігі, ІІМ, Көлік және коммуникациялар министрлігі және Қазақстанның туристік ассоциациясы сайттарында жарық көретін болады.

Шет елдегі ел азаматтарының қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз етуге Бас прокуратура сүбелі үлес қосып отыр. Сөзімізге дәлел болуы үшін бір-екі мысалды алға тарта кетсек. Айталық, Бас прокуратураның араласуымен мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты О. Михеевтің бақылауындағы Ресей Федерациясының мекемелері алдында «Казкоммерцбанктің» мүдделері қорғал­ды. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы жо­ғарғы қадағалау органының бастамасы бойынша Мәскеуде қазақстандық азаматтар жұмысқа жегілген заңсыз әрекеттің жолы кесілді. Ресейдің құзырлы органдарымен бірлесе отырып, бұл мәселенің ақ-қарасы анықталды. Бұдан сырт Қылмыс­тық-процессуалдық заңнаманың аясында шетелде сотталған Қазақстан Респуб­лика­сының азаматтарына тағайындалған жазаны өз жерінде өтеу мүмкіндігі көзделген. Бұл аса маңызды тармақ дер едік. Соттал­ғандардың жазасын өз жерінде өтеу мүм­кіндігі 95 пайыз жағдайда екі жаққа тиімді түрде шешіледі. Бүгінгі күні аталған салада біздің еліміздің Түрікменстан, Украина, Әзірбайжан, Қытай және Испаниямен екіжақты келісімшарттары бар. Қазіргі уақытта – Индия, Иран, Италия, Моңғо­лия, Сирия, Түркия, Тайланд, Чехия, Словения, Словакия және Біріккен Араб Әмірліктерімен осындай келісімшарт жасау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Елімізде туристік бизнестің өркен жайып келе жатқаны даусыз. Бұл ретте шет елге сапарлап баратын азаматтардың талап, талғамы да өсе түсері белгілі. Осы мақсатта алдағы уақытта қазақстандық туристер мен сауда өкілдері үшін ең тартымды елдердің тізімі жасалынады. Осы ар­қы­лы біз аталған мемлекеттермен өзара әріптестік байланыс орнатып, екі елдің арасындағы барыс-келістің әрі қауіпсіз, әрі тиімді болуына баса мән беретін боламыз. Бұл өз кезегінде жерлестеріміздің алаңсыз демалуына жағдай жасап, әлдеқандай түйт­кілді мәселелер орын ала қалар болса, уақыт оздырмай тез арада көмек көр­сетуге жол ашады. Сөзіміздің түйінінде айтарымыз, халықаралық-құқықтық құ­жаттарды жетілдіру заман талабы. Соның нәтижесінде біз отандық туризмнің екінші тынысын ашуға мүмкіндік аламыз.

http://dmk.kz/kz/articles/view/31675

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.