You are here

Алаяқтықтың әдісі көп, мақсаты біреу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әли Жәрдемов,

Бас прокуратураның

2-ші Департаменті

бастығының орынбасары

 

Талдау көрсеткендей, алаяқтық кең көлемді әдіс-тәсілдермен жасалады және оның негізгі мақсаты ақша қаражаттарын иемдену болып табылады.

Мысалы, тіркелген алаяқтықтың үштен бір бөлігі ақша қаражаттарын қарызға алу жолымен немесе келісім-шарт міндеттерін орындау мақсатынсыз иемденумен байланысты болған.

Алаяқтықтың мұндай тәсілі алдағы уақытта болатын деректерді бұрмалаушылықпен көрініс табады, осылайша алаяқ жәбірленушіге өзінің негізгі ойы туралы жалған елес тудырады. Яғни, алдау ауызша сөз нысанында немесе әртүрлі алдау әрекеттерінен тұрады.

Алаяқтықтың негізгі бөлігі туысқандары, таныстарының өтінішіне сәйкес жалған құжаттарды немесе азаматтардың сенімін пайдалану арқылы несие алып беруді рәсімдеумен байланыстырылады.

Мысалы, Алматы қаласында тауарды несиелендіру алаяқтығымен айналысқан Д. есімді азаматша жетекшілік ететін алаяқтар тобының мүшелері сотты болған.

Астана қаласында пәтерлерді нарықтық құнынан төмен бағамен сатамын деп уәде беру арқылы жәбірленушілерді 25 млн. теңгеден астам сомаға алдаған алаяққа қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Астана, Алматы қалаларында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында жер телімдерін белгілі бір сыйақыға табыстап беретіндігі жөнінде алдау деректері тіркелген.

Соңғы кезде  «жұмысқа орналастырып берем» деген алаяқтық деректері кеңінен етек алуда екенін атап өту керек.

Алаяқтар үйде жасайтын пайдалы жұмыстарды жиі ұсынады. Алайда,  зардап шегуші көрсетілген қызметке қымбат бағаны төлеуге мәжбүр болып, оған қоса кіру немесе кепілдік жарна береді. Басқа әдіс - белгілі бір сыйақыға жұмысқа орналастыру туралы уәде беру.

Мұндай деректердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тіркелген.

Сонымен бірге, қылмыстың бұл түрінің кең тарағаны - интернет-алаяқтық. Әдетте, хатты алушыға Африка президентінің, министрінің, королінің, диктаторларының және тағы басқалардың мұрагерлеріне тиесілі үлкен сомадағы қаражатты Нигерия банкінен АҚШ банкіне аударуға қатысу ұсынылады. Көрсетілген көмегіне хатты алушы аударылған соманың үш немесе төрт бөлігін өзіне алуы тиіс. Дегенмен, ниетінің тазалығы мен дұрыстығын көрсету үшін зардап шегушіге алаяқтардың есеп-шотына белгілі бір соманы аудару ұсынылады.

Басқа жағдайларда, бұл әдіс-тәсілдер қосалқы бөлшектерді, ұялы телефондарды және басқа да тауарлардың интернет-саудасымен, сонымен бірге аттас компаниялардың атынан әртүрлі акциялар өтіп жатқандығы жөнінде СМС-тер жіберумен байланысты.

Бұл сенгіш азаматтардың көмегімен пайда тауып қалуды көздеген «жолы болғыш жігіттер» жасайтын алаяқтық әрекеттерінің тек бірнеше тәсілі мен сызбасы ғана.

Осыған орай, Бас прокуратура барлық азаматтарды мұндай «қақпанға» түсіп қалудан аулақ болуды ескертеді.

Сонымен бірге, алаяқтық мәселесімен бұған дейін кездесіп, оған қарсы күрестің өзіндік әдісі мен тәсілдерін қарастырған, оның ішінде жекелеген түрлеріне қылмыстық жауаптылықты енгізген басқа елдердің тәжірибесін қолдану өте құнды болып табылады.

Мәселен, Германия Федеративтік Республикасының қылмыстық заңнамасында алаяқтықтың негізгі құрамымен бірге оның көптеген түрлері көзделген: компьютерлік алаяқтық; субсидияны алаяқтық жолмен алу; капитал салымындағы алаяқтық; сақтандыру сомасын жоғарылатып алу үшін алдау; алдау арқылы пайда алу; несие алумен байланысты алаяқтық.

Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінде алаяқтық үшін 7 бап көзделген (159-бап, алаяқтық., 159.1-бап, несие саласындағы алаяқтық., 159.2-бап, төлемдерді алу барысындағы алаяқтық., 159.3-бап, төлем карталарын пайдалану арқылы алаяқтық., 159.4-бап, кәсіпкерлік қызмет садасындағы алаяқтық., 159.5-бап, сақтандыру саласындағы алаяқтық., 159.6-бап, компьютерлік ақпараттандыру саласындағы алаяқтық).       

Украинаның Қылмыстық кодексінде алаяқтықтан (190-бап) басқа, оның арнайы түрлеріне бөлек жазалар көзделген. Мысалы, қаржы ресурстары үшін алаяқтық (222-бап), алаяқтықпен есірткі құралдары мен психотроптық заттарды немесе оларға тектестерді иемдену (308-бап), алаяқтықпен құжаттарды, штамптарды, мөрлерді иемдену (357-бап) және т.б.

Бұл орайда, ҚР Қылмыстық кодексіне жекелеген қылмыстық жауапкерішіліктері үшін, оның ішінде алаяқтықтың кең тараған және  қоғамдық қауіпті түрлеріне орай арнайы өзіндік құрамын қамтитын бөліктерін қарастыру  және енгізу қажеттілігі тиімді екендігі көрінеді.

Өз кезегінде, мәселені осылайша барынша бөліп қарау алаяқтықпен профилактикалық, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға (түзетуге) және  тергеушілерді (анықтаушыларды) дайындауға оңды ықпалын тигізеді. 

Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрлері мен әдістеріне жауапкершілікті енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына жаңа новеллаларды енгізу үшін шет елдердің тәжірибелерін зерделеу жұмыстарын жалғастыруда.  

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.