You are here

Бас прокуратураның брифингі (Астана қ., 9желтоқсан 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Заң жобасының таныстырылымы туралы

Бүгін Сенат  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын мақұлдады және Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға  жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, а.ж. 7 желтоқсанында Бас Прокурор Жақып Асанов төменгі Парламент палаталарының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, онда Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы заң жобасын ұсынған болатын.

Бұл рақымшылық азаматтардың әлеуметтік әлсіз санаттарын – кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді. Сондай-ақ ол ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға қолданылатын болады.

Қылмыстық істерді, оның ішінде соттар қарамаған қылмыстық теріс қылықтар туралы және онша ауыр емес қылмыстар бойынша қылмыстық істерді тоқтату көзделген.

Рақымшылық шектеулі, дифференциялы түрде және тек сотталғандар қылмыспен келтірілген зиянды толық өтегенде ғана қолданылатын болады. 4 санаттағы адамдарға қатысы бар.

Бірінші. Түрмелерден шығатын адамдар. Олардың саны -1 500. Олар онша ауыр емес қылмыстар үшін сотталған. Бірақ олардың 80%-ы толық бостандық алмайды. Оларға бас бостандығынан айырумен байланысты емес басқа жаза тағайындалады және олар пробация қызметтерінің ұдайы бақылауына қойылады. Қалғандарына не егер зиянды өтесе мерзімдерін қысқартады, не егер олар ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатуға келісім берсе, істі тоқтатады.

Екінші топ. 11 мың. Оларды бостандығын шектеуден, шартты мерзімнен, түзеу жұмыстарынан, яғни іс жүзінде үйінде тұрып өтейтін жазаларынан босатамыз.

Үшінші топ. Бұл ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар. Оларға бір жол ғана ұсынамыз – өтелмеген мерзімін қысқарту.(Не жартысына, не төрттен біріне  немесе 1/5 бөлігіне).

Мысалы, 10 жыл берілсе. 2 жыл түрмеде отыр, 8 жылы қалды делік. Зиянды өтеген. Төрттен бір бөлігі – бұл 2 жыл. Яғни оған 8 жылдың орнына 6 жыл отыру қалады.

Тағы бір топ бар. Бұл тергеуде жүргендер немесе істері сотта тұрғандар. Олар қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайда ғана рақымшылыққа ілігеді. Бұған ауырлығы орташа қылмыс жасаған, бірақ әлеуметтік әлсіз санатқа жататын адамдар да кіреді. Олардың жалпы саны – 2 300.

Дегенмен, ізгілік актісі қоғамның қауіпсіздігі мен криминогендік ахуалға теріс әсер етпейді, себебі жазадан босату тек онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қатысты  қолданылатын болады.

Заң жобасы рақымшылық актісінің қолданысына ілікпейтін адамдар шоғырын белгілейтіндігі. Бұл аса қауіпті қылмыстар жасаған адамдар: адам өлтіру, азаптау, террористік, экстремистік сипаттағы қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар, есірткі қылмыстары, қылмыстық топ құрамындағы қылмыстар, өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалған қылмыстар.  Бұл акті өлім жазасы кешірім беру тәртібінде бас бостандығынан айыруға ауыстырылған, бұрын рақымшылық етілген немесе кешірім берілген және қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.

Айта кетейік, Егемен Қазақстан тарихында алғаш рет Мемлекет басшысының өзі рақымшылық жасауға бастамашылық етті. Егер алдыңғы 8 рақымшылық негізінен түрме тұрғындарын азайтуды көздеген болса, бұл актінің басты мақсаты – заңды аттаған азаматтарға адамгершілік, рақымшылық таныту, сенім білдіру.

25 жыл ішінде Қазақстанда сотталғандар саны 3 есеге, 105 мыңнан 36 мыңға дейін азайған. Соңғы 4 жылда бір де бір рақымшылықсыз түрме тұрғындары 30%-ға азайған.

 

Қарағанды қаласындағы қаржылық пирамида жөніндегі істердің тергеп-тексерілу барысы туралы

Бүгінгі күні 254салымшы Қарағанды ЖШС-ларының бірінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен, оларда сонымен қатар басқа қалаларда – Астана мен Теміртауда бірнеше филиалдары болған.

Тек бір ай ішінде ғана ЖШС 2 мың азаматта 890 млн.теңге, 181 мың АҚШ доллары, 1 900 еуро және 101 000 ресей рублі сомасынан астам ақша қаражатын қабылдап үлгірген.

Тінту барысында ЖШС мен оның филиалдарында құрылтай және бухгалтерлік құжаттама, техника, 6,5 млн. теңге және 5,5 мың АҚШ доллары, сондай-ақ салымшылардың 2 млрд. теңгеден астам сомаға жасалған 5 501 шарты анықталды және алынды. Бұл сомадан азаматтарға 1,4 млрд. теңгеге жуық қаражат қайтарылмаған.

ЖШС директорының және үш қаладағы офис меңгерушілерінің мүлкіне тыйым салынды. Бұл автокөліктер мен пәтерлер, сондай-ақ ЖШС-ның 121 млн. теңге сомасына есепшоттары.

Күдіктілердің біріне қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Аса ірі мөлшерде ақша тартып қаржылық пирамида құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді процесс прокурорының қатысуымен Қарағанды облысы ішкі істер және мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінен құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жүргізуде.

Тергеп-тексеру барысы бақылауда тұр.

 

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс туралы

6 желтоқсанда Бас прокуратурада прокуратура органдарың 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Бас Прокурор Жақып Асанов тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары жүйесінің құрылуына тарихи шолу жасадыжәне 25 жыл ішінде прокуратура органдары жеткен жетістіктерді атап өтті.

Тәуелсіздік жылдары ішінде, Мемлекет басшысының қолдауы арқасында, прокуратураның беделі, оның әлеуметтік маңыздылығы еселеп өсті. Прокуратура мемлекеттік билік жүйесінде ерекше орын алды. Бүкіл құқық қорғау жүйесінің өзегі болып табылады.

Адам, оның құқықтары мен бостандығы, азаматтардың сенімі, қоғамдық келісім, Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі прокурорлар қызметінің маңызды басымдықтарына айналды. Осынау торқалы жылда прокуратура ауқымды бастамаларды іске асыруды бастады. Бұл жұмыс бес институционалдық реформаны іске асыруға және Ұлт жоспары «100 нақты қадамға» жұмылдырылған.

Жақып Асанов әріптестерін құттықтады және прокуратура органдары алдында тұрған жауапты міндеттерді орындауда үлкен жетістіктер тіледі. Ардагерлер мен ведомствоның бірінші басшыларының сіңірген еңбегі жеке аталып, олардың мінсіз қызметі мен кәсібилігі барлық прокурорлар буыны үшін жарқын үлгі болып қала беретіндігі айтылды.

Кәсіби мереке құрметіне мінсіз қызметі мен өз міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар қызметкерлер сыныптық шендермен және ведомстволық наградалармен марапатталды. Жас қызметкерлер прокуратура органдарына, мемлекетке және Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант қабылдады.

Салтанатты жиын прокуратура қызметкерлерінің күшімен дайындалған мерекелік концертпен аяқталды.    

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.