You are here

Бас прокуратураның брифингі (Астана қ., 24 қараша 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Колонияда жұмыспен қамту - 2017» жобасын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы

185кәсіпкер еліміздің колонияларында өндірістер ашты. Нәтижесінде олар 2,5 мың сотталған адамдарға жұмыс тауып берді.

26 сотталушы жеке өндірісін ашты. Оларғаинтернет-ресурстарға орналастырылған «Сотталғандар үшін 100 іс», «1000 бизнес-идея», «Табыс тарихы» атты жобаларды оқу арқылы басқа да кәсіптер меңгеруге мүмкіндік беріліп отыр.

2014 жылдан бастап Бас прократура ІІМ-мен бірлесіп «Колонияда жұмыспен қамту - 2017» жобасын іске асырып келеді. Жобаның мақсаты – 2018 жылға дейін еңбекке жарамды сотталғандарды жұмысқа орналастыруды кем дегенде 75%-ға дейін жеткізу.

Жоба басталған сәттен бастап сотталғандарды жұмыспен қамту 51-ден 64 %-ға дейін өсті. Әсіресе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Астана қаласы жақсы нәтиже көрсетті.

Жол картасы шеңберінде 2016 жылдың 14 маусымында ұйымдастырылған «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратураның қадағалауы» форумының нәтижесінде әкімшілік кедергілерді төмендету шараларыжүзеге асырылған болатын. Атап айтсақ, мекемелердегі өндірістік алаңдарды тендерсіз және жалға беру төлемінсіз пайдалануға рұқсат берілді; кәсіпкерлерді колониялардың аумақтарына жіберу рәсімі жеңілдетілді.

Колонияларда техникалық қызмет көрсету станцияларын ашуға тыйым салудың күші жойылды. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, халыққа әлеуметтік маңызды қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

 

«Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бір жарым есеге артты. Осы санаттағы 218 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 682 адам ақы төленетін қоғамдық жұмыспен қамтылды, түзеу мекемелерінен босатылған 237 адам 5 млн. теңге жәрдемақы алды.

Бұдан басқа, осы санаттағы адамдар ауылдық жерлерде өз ісін ашу үшін жалпы сомасы 12 млн. теңгеге шағын кредиттер алды.

2015 жылдан бастап Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп  бұрынғы сотталғандарды қоғамға заңды құрметтейтін азаматтар етіп қайтаруға бағытталған «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасын іске асырып келеді.

 

Жолдардағы апаттылықтың жай-күйі туралы 

Былтырғы жылмен салыстырғанда жол апаты оқиғалары мен жарақат алу жағдайлары азайған.

Осы жылы елімізде 15,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғалары болып, 22 мыңнан астам адам зардап шеккен. 2 089 адам қаза болған, бұл көрсеткіш 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға азайған.

Зардап шеккендердің жалпы санының 17,8%-ы – балалар. Қоғамдық көліктің қатысуымен  973 ЖКО болған, 89 адам қаза болған және 1 375 адам жарақат алған. 500-ден астам жағдайда автобустардың жүргізушілері кінәлі.

Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясы уәкілетті меморгандар мен үкіметтік емес сектордың сарапшыларымен бірлесіп Жол қауіпсіздігінің ұлттық тұжырымдамасы жобасын әзірледі.

Жобаның негізгі мақсаты – 2020 жылға қарай Қазақстанда ЖКО-дан болатын өлім-жітімді 100 мың тұрғынға шаққанда 6 адамға дейін азайту, перспективада жол апаттарынан болатын өлім-жітімнің минималды деңгейіне қол жеткізу.

 

Заңсыз көші-қон туралы 

Осы жылы жалған шақырулар мен жалған құжаттар пайдаланып шетелдіктердіңмемлекеттік шекараны кесіп өту фактілері көбейген.  Жыл басынан 1097 факті тіркеліп отыр.

Прокуратура органдары Алматыда, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында қылмыстық топтар ұйымдастырған Қытай мен Өзбекстаннан келген шетелдіктердің заңсыз көші-қон арналарының жолын кесті.

Шекара қызметі мен ішкі істер органдары көші-қонды бақылау үшін пайдаланатын «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі жетілмегені анықталып отыр. Сондай-ақ шетелдіктердің ел ішінде жүріп-тұруын бақылау жүйесі толық көлемде ретке келтірілмеген. Аталған жәйттер заңсыз көші қон-мен сыбайлас жемқорлық үшін қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ террористік қауіп-қатер деңгейін арттырады.

Бас прокуратура уәкілетті органдардың ақпараттық базаларының мүмкіндіктерін жетілдіру және проблемалы мәселелерді шешу үшін Үкіметке нақты ұсыныстар енгізді.

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.