You are here

Бас прокуратураның брифингі (Астана қ., 2 қараша 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбеге жұмыс сапары

Ақтөбе облысындағы десанттың жұмысы қорытындыланды. Еліміздің түкпір-түкпірінен барған мамандар 1 ай ішінде 2,6 мың іс-шара өткізді. 145 мың адам қамтылды. Бұл - әрбір 6-шы тұрғын. Ең алдымен, балаларға, әйелдерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, сотталғандарға, радикализм жолын ұстанушыларға ерекше көңіл бөлінді. Жекелеген теріс ағым жолындағылармен сұхбаттар жүргізіліп, оларға ұстанған жолдарының терістігі түсіндірілді.

Ауруханалар, мектептер, ЖОО-ры, мешіттер, кәсіпорындар, әскери қызметшілер мен полицейлер де қамтылды. Жұмысқа орналасу, несие, субсидия, жәрдемақы алумен қатар, білім, медицина бағыты бойынша түсіндірілді.

108 ауыл әкімі халықты бизнеске үйрету үшін мамандардан дәріс алды. 850 бизнес-идеямен қамтылды. Мыңнан астам адам өз бизнесін ұйымдастыруға және жүргізуге оқытылды. Ақтөбедегі даму институттары 125 жоба үшін 3,1 млрд. теңгеге несие берді.

Ақпараттық жұмыс тек облыста емес, бүкіл республикада жүрді. Роликтер, терроризмге қарсы бейнематериалдар, спектакльдер, деректі фильмдер көрсетілді.

Жалпы, 18 промо-ролик, 9 деректі фильм, 2 спектакль көрсетілді. Оны 13 мың адам көрді. «ИГИЛ», «Лжетерроризм», «Терроризм қаупі» атты видеороликтер шықты. «YouTube» желісінде «Anti Terror» арнайы каналы жұмыс жасады.

 Сананы улайтын программаларды жою үшін 431 үйді «Отау-ТВ»ге қосылды.

Әлеуметтік қамтумен 46 мың адам қамтылды. Мүгедектер мен көп балалы отбасылар нақты көмек алды.

Профилактикалық тексеруден 14 мың мектеп оқушысы өтті. Астана, Алматы ғылыми орталықтары мен клиникаларының жетекші дәрігерлері тексерістер мен  мастер-кластар өткізді, олар 9,6 мыңнан астам азаматты тексерді,  1008 мың тұрғынға көмектесті, олардың жартысынан астамына сол жерде бірден көмек берді, қалғандарын республикалық орталықтарға жіберді.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 123 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Кәсіпорындардың басшыларымен жүргізілген диалог нәтижесінде 9 млн. теңге сомасындағы 232 жұмысшының еңбекақы берешегі бойынша мәселе шешілді.

Дін желісі бойынша мешіттердің жұмысын жақсартуға, имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған 149 іс-шара өткізілді.

Жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп 6 командалық, 12 инструкторлық жаттығу өткізілді. Оған мыңнан астам қызметкер қатысты. Нәтижесінде өңірдегі қауіпсіздік шаралары біраз күшейтілді.

Бұл шаралар әрі қарай жалғасады.

 

Азаматтарды қабылдау

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асанов кезекті азаматтарды қабылдау жұмысын жүргізді. Қабылдауда 10 адам болды, олардың екеуі – бейнеконференц арқылы байланысқа шықты.

Арызданушылар көбіне азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер, қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдардың шешімдері бойынша сот актілеріне шағымданды.

Олардың уәждерін тыңдаған  Бас Прокурор  тиісті құрылымдық бөлімше басшыларына нақты нұсқаулар берді. Арызданушылардың өздерін қатыстыра отырып, шағымдарды толық және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заң бұзушылықтар анықталса, прокурорлық қадағалау актілерін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды шегелеп тапсырды.

 

ШҚО «Бақты» кеден бекетіндегі контрабанда

Биылғы жылдың 31 қазанында Бас прокуратураның жетекшілігімен тергеліп жатқан іс бойынша үш күдікті ұсталды. Олар -Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің бұрынғы бөлім бастығы және біреуі – жеке компания қызметкері. Жоғарыда аталған азаматтарға ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, контрабандалық жолмен жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын тауарларды Қытайдан Ресейге Қазақстан арқылы тасымалдауды ұйымдастырған деген айып тағылып отыр. Олар өздерінің құйтырқы әрекеттерін 2014 жылғы маусымнан бастап желтоқсанға дейінгі кезең аралығында іске асырып келген.

Қазіргі күні күдіктілер Астана қ. ІІД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдасқан топ мүшелеріне қатысты дәлелдемелер жиналды.

Тергеу мүддесі мақсатында іске қатысты басқа жайттар жарияланбайды. Тергеу жалғасуда.

 

Хромтау Прокурорының әкесіне тиесілі машина өртелді

27 қазанда кешкі мезгілде Хромтау қаласы Победа даңғылындағы үйдің ауласында «Тойота Камри» маркалы автокөлік жанған. Автокөлік Хромтау ауданыны прокурорының әкесіне тиесілі екені анықталды. Оқиға Қ.Дәулетовтың өз ұлына қонаққа келген кезінде болған. Автокөлік жанып үлгермей, дер кезінде сөндірілді..

Жанудың себептерін  анықтау үшін өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.