You are here

Бас прокуратураның брифингі (Астана қ., 17 қараша 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Астрахан ауданы прокурорының орынбасары А.Мұқышевқа қатысты іс бойыша   

15 қарашада Астана қаласының аудандық сотында Астрахан ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары Ардақ Мұқышевқа қатысты айыптау үкімі шығарылды. Сот оны   бір миллион тенге  мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танып (ҚК 366-б. 2-бөлігі),  59,5 млн.теңге (елу тоғыз жарым миллион тенге) мөлшерінде айыппұл тағайындады. Сонымен қатар, сот оның мүлкін тәркілеу және өмір бойы мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында лауазымдар атқару құқығынан айыру туралы шешім қабылдады. Оған қоса, ол «кіші әділет кеңесшісі» сыныптық шенінен айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазанда Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік қызметі Мұқышевты азаматша «М-нен» оның қылмыстық ісі бойынша қарсылық келтірмеуге келісіп, одан осы әрекеті үшін пара алып жатқан жерде ұстаған. Бұдан бұрын, соттың а.ж. 15 тамыздағы үкімімен азаматша «М» мүлік ұрлағаны үшін шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Бас прокуратураның арнайы прокуроры қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес, істі жеделдетілген тәртіпте аяқтады. Себебі күдікті кінәсін толығымен мойындап, келтірілген зиянның мөлшерімен келіскен.

 

Алматы облысындағы үш ағайындыны өлтіру туралы іс бойынша

Алматы облысындағы бір шаруашылықпен айналысатын үш ағайындыны өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктілерге кісі өлтірумен қоса, 41 ірі қараны иемдену, заңсыз қару сақтау, жәбірленушілердің мүлкін жойып жіберу және автокөлігін айдап әкету деген баптармен айыптар тағылып отыр.

Оқиға а.ж. 18 қыркүйегінде  Алматы облысы Жамбыл ауданы «Сұлу сай» шатқалында Қастек ауылының шетінде орын алған. Күдікті Сүлейменов пен Оналбаев малды сатып аламыз деген желеумен жәбірленушілерді алдап адам бармайтын жерге апарған, сол жерде атып өлтірген. Содан кейін олар мәйіттерді Қаншеңгел ауылына жақын маңға көміп кеткен.

Бұл қылмыс туралы көріп-біліп тұрып, тиісті органдарға хабарламағаны үшін Б.Байқасымов та сотқа берілді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қадағалауды 2 процессуалдық прокурор жүзеге асырды, олар сотта да мемлекеттік айыптауды қолдауды қамтамасыз ететін болады.

 

Қазақстан азаматын Болгариядан экстрадициялау туралы

17 қарашада Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасын Болгариядан экстрадициялады.

42 жасар К. есімді азаматшаны бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы қаласының Ішкі істер департаменті іздестірген.

2007-2010 жылдар аралығы кезеңінде алдын ала сөз байласу арқылы алдау және сенімге кіру жолымен АҚШ-тан автокөліктер жеткізу жөніндегі қызметтер көрсету желеуімен адамдардың сеніміне кіріп,  26 млн. теңге ақшасын иемденіп кеткен.

Қазіргі уақытта айыпталушы Астана қаласының тергеу изоляторына орналастырылды.

 

Семинар туралы

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының алаңында құқық қорғау органдарының БАҚ-тармен өзара іс-қимылға жауапты қызметкерлеріне арналған 4 күндік курстар өткізілді.

Семинарға прокуратура органдарынан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросынан, Мемлекеттік кірістер комитетінен 20-дан астам тыңдаушы қатысты.

Тренерлер ретінде қоғаммен байланыс саласындағы білікті ұлттық сарапшылар тартылды.

Белгілі тележурналист Полина Шиманская тыңдаушылармен заманға сай баспасөз қызметінің тиімді жұмысына қол жеткізудің құпияларымен бөлісті. Бизнес-тренер, «HR-praktice Kazakhstan» компаниясының директоры Регина Лариошинаның коммуникация негіздері туралы сөйлеген сөзі де аса қызықты болды.

Тренинг қатысушылары кейстік міндеттер шешу арқылы алған білімдері мен дағдыларын практикалық сабақтарда бекітті.

Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Спорттық іс-шаралар туралы

16 қарашада Бас прокуратурада Бас Прокурордың Кубогына мини футбол мен волейболдан прокуратура органдарының ведомствоішілік чемпионатының бірінші кезеңі басталды.

Спорттық іс-шаралар Тәуелсіздік пен Прокуратура күнінің 25-жылдығын мерекелеуге орай ұйымдастырылды.

Бұдан бұрын, алдыңғы топтық матчтардың қорытындысы бойынша мини футбол мен волейбол чемпионатының финалдық сатысына 20 команда шыққан.

Спорттық жарыстар 2016 ж. 15-18 қарашасы аралығында болады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылатын салтанатты жиында өтеді.

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.