You are here

Бас прокуратураның брифингі (Астана қ., 11 қараша 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жалған прокурор болған азаматқа қатысты іс бойынша

Бас прокуратура өзін айналасына  «прокурормын» деп таныстырып, заңсыз әрекеттерге барған азамат С.-ға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Күдікті биылғы жылдың шілдесінде прокурор киімін киіп, өзін Астана қаласы прокуратурасының қызметкерімін деп таныстырып, фирмалардың біріне тексеріс жүргізген. Салық заңнамасын бұздыңдар деген сылтаумен тәртіптік жауаптылыққа тартпас үшін ЖШС-нің директорынан 10 мың АҚШ долларыталап еткен.

Күдіктіұсталған сәтте Астана қ. Адвокаттар алқасының адвокаты тізімінде тұрғаны анықталды. Оған дейін 2009 жылдан бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін Қостанай облысы Рудный қаласы прокурорының көмекшісі лауазымында жұмыс істеген. Қызметінен өз еркімен арызданып, шығып кеткен.

Іс бойынша дәлелдемелер жинақталды. Жалған прокурордың қылмыстық әрекеттері екі бап бойынша сараланды: ірі мөлшерде алаяқтық жасауға ұмтылу және билік өкілінің атағын заңсыз иемдену.

Қылмыстық іс сотқа жолданбақ.

 

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы жер учаскелерін заңсыз ресімдеу туралы іс бойынша

Бас прокуратура әкімдік, әділет органы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, жер кадастры, ЖШС қызметкерлерінен және басқа да азаматтардан құралған қылмыстық топтың 24 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Олар 2014-2015 жылдары Целиноград ауданында жер комиссиясының, Қосшы, Талапкер, Қоянды, Қараөткел ауылдық округтері әкімдерінің жерлер беру туралы жалған құжаттар жасаған және оларды сатқан.

Аталған адамдардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 187 азамат зардап шеккен. Мемлекеттік меншіктен 370-тен астам жер учаскелері заңсыз саудаға түскен. Мемлекетке келтірілген зиян мөлшері 195 360 000 теңгені құрған. Жарты миллиардтан астам (574  233 000)  теңге сомасына жер учаскелері жеке тұлғаларға нарықтық бағамен өткізілген.

Қылмыстық іс материалдары 470 томнан тұрады. Процесс қатысушыларын іс материалдарымен таныстыру сатысы басталды және таяуда қылмыстық іс сотқа жолданады.

 

Қазақстан азаматының БАӘ-нен экстрадициялау туралы

Биыл 10 қарашада 120 000 АҚШ долларын алаяқтық жолмен иемденді деп айыпталған Қазақстанның К есімді азаматшасы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды.

БАӘ-нің құзыретті органдары бұл азаматшаны ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырып отыр. Экстрадициялау процесі Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі мен ҚР ІІМ Интерполының көмегімен жүзеге асырылды.

Күдікті 2011 жылы өзін мұнай компанияларының бірінің  бұрынғы қызметкері ретінде көрсете отырып, бір кәсіпкерді күкірт шикізатын жеткізу бойынша тиімді келісімшарт жасап беремін деп алдаған. Оның өтініші бойынша келісімшарт жасауға кететін шығындар үшін оған 120 000 АҚШ доллары берілген. Ақшаны алған бойдан күдікті бой тасалап, шетел асқан.

Қазіргі уақытта азаматша К. Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.     

 

Алматы қ. прокуратурасының қызметкеріне қатысты оң пікір 

2 қарашада сағат 09.00 шамасында полицияға Алматы қаласының Алғабас коттедж қалашығының маңында 6 және 7 жасар апалы-сіңлілі қыздардың жоғалғаны туралы хабар түскен.

Ерікті Эли Алиеваның Facebook әлеуметтік желісіндегі постына сәйкес, шақыру бойынша полиция қызметкерлері қызметтік итпен келген. Бірақ қыздардың ізі табылмаған.

Әлеуметтік желілерде ақпарат белсенді тарағанмен іздестіру жұмыстары тығырыққа тіреледі.

Қараусыз жүрген балаларды, сол күні сағат 14.00 шамасында «Алматы Арена» мұз сарайы маңында жол бойындағы көлік көп өтетін жерден қала прокурорының көмекшісі Гүлнар Жанбекова тапқан.

Балалардың айтуынша, олар таңертең ерте үйлерінен шығып,

орманға ағаш түйіндерін жинауға барған. Бірақ кейін қайтар жолды таппай, адасып кеткен. Тұрғылықты мекенжайын да, ата-аналарының телефон нөмірін де айта алмаған.

Қыздардың қарны аш болғандықтан және әбден тоңғандықтан, Гүлнар Жанбекова оларды жақын маңдағы дәмханаға апарып тамақтандырып, ювеналдық полиция қызметкерлерін шақырған.

Бас Прокурор прокуратура қызметкері Г. Жанбекованы марапаттау туралы мәселені қарастыруда. 

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.