You are here

Бас прокуратураның брифингі (2016 жылғы 19 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

17 қазанда Атырау қ. ІІБ криминалдық полиция бөлімінің басшысы мен оның орынбасары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Арнайы прокурордың басшылығымен жедел-тергеу тобы лауазымды қызметкерлерге қатысты тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оларға қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағына сәйкес лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар таратылмайды. Тергеу жұмыстары  жалғасуда.

***

18 қазанда Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік басқармасы 1 млн. теңге көлемінде пара алу кезінде Ақмола облысы аудандарының біріндегі прокурор орынбасарын қылмыс үстінде ұстады.

Лауазымды қызметкер жеті жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған «М» есімді азаматшаға қатысты қылмыстық іс бойынша наразылықты келтірмеу үшін ақша талап еткен.

Күдікті азамат Астана қ. ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жұмыстары Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік басқармасы арнайы прокурорының басшылығымен жүргізіліп жатыр.

***

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы халықаралық іздеуде жүрген Ермаханбет Ділдабаевты экстрадициялайтын болды. Ол азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін еліміздің Бас прокуратурасы Ресейге сұраныс берген болатын.

Күдіктінің үстінен бірнеше баппен іс қозғалған. Атап айтсақ, жалған кәсіпкерлік, ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету баптары бойынша тергеу жүргізілуде.

Ділдабаевтың қылмыстық әрекетінен мемлекетке 4 миллиардтан астам теңгеге залал келтірілді.    

Бұл қылмыстық ұйымның тағы да бір мүшесі Марат Жупказиев осы жылдың тамыз айында Таиландтан Қазақстанға экстрадицияланғанын айта кету керек.

***

Прокуратура органдары жүйесінде прокуратура қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлініп жатыр.

Ол үшін жетекші жоғарғы оқу орындарымен, менеджмент пен өзін-өзі дамыту саласындағы бизнес-ортаның өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуда.

Осыған орай кеше Бас прокуратураның жеке құрамы және облыстық прокуратураның басшылық құрамы онлайн –трансляция арқылы Эрнст энд Янг халықаралық компаниясының номинациясымен Ресейдің үздік кәсіпкері деп танылған, шағын кәсіпкерлікті белсенді насихаттаушы Серікбай Бисекеевтің лекциясын тыңдады. 

Ал бүгін ғалым, өз саласының үздігі, жоғары дәрежелі маман Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті Жоғары экономика мектебінің директоры Дильбар Гимранова дәріс оқыды.

Кездесу барысында мақсатты қалай қою керек, өзіңді қалай дамыту керек, өз ісіңнің шебері атану үшін қандай құралдар қолдануға болаты туралы айтылды.

Бұл семинарлар прокуратура органдары үшін өте пайдалы, өйткені қазіргі уақытта жұмыс барысына жаңа әдістер енгізілуде. Прокуратураға кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі мен жобалық менеджменттің жаңа принциптері қолданылып жатыр.

Нұрділдә Ораз,
Бас прокуратураның ресми өкілі 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.