You are here

Зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық форум туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2015 жылғы 28 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының бастамасы бойынша «Орталық Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара әрекеттестігі» атты халықаралық форум болып өтті.

Жиын жұмысына Қазақстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның құзыретті органдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және осы салада маманданатын сарапшылар қатысты.    

Іс-шараның басты міндеттерінің бірі құқық қорғау құрылымдары мен азаматтық қоғамның зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимылдағы өзара сындарлы әрекеттестігін қалыптастыру болып табылады.

Отырыс барысында Орталық Азия өңіріндегі тайталастықтар мен қауіп-қатерлердің сәйкестендірілуі, зорлық-зомбылық экстремизге қарсы іс-қимылдағы халықаралық ынтымақтастықтың  мүмкіндіктері мен келешегі мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптар бойынша пікірсайыстар өрбіді.  

Форумға жиналғандар отырыс қорытындысы бойынша экстремизм мен терроризмнің кез келген түрлері мен көріністері қайдан шыққандығына қарамастанОрталық Азия елдерінің құқық қорғау және басқа да құзыретті органдарының оларды анықтап, жолын кесуде өзараіс-қимыл жасасу жолдарын жетілдірудің қажеттілігі қарастырылған бірлескен коммюнике қабылдады.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар осы салада құқық қорғау органдары мен тәуелсіз сарапшылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.