You are here

Зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференция туралы БАҚ үшін аңдатпа

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

29-30 маусымда Астана қаласында Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясы өтеді.

Форум жұмысына Орталық және Оңтүстік Азия, АҚШ, Еуроодақ және Ресей елдерінің құзіретті органдарының басшылары, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғамның уәкілетті өкілдері, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласындағы жетекші мамандар қатысады.

Іс-шараны жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 7, «Риксос Президент Астана» қонақ үйі, «Жерұйық» конференция залы.

Баспасөз орталығы «Шаңырақ» залында орналасады.

Форумның ашылуы а.ж. 29 маусымда сағ. 9:00-де болады.

БАҚ-ты тіркеу 8:00-ден бастап 8:45-ке дейін өткізіледі. Келушілердің өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.

Жеке бейджиктер дайындау қажеттілігін ескере отырып, аккредитация үшін журналистердің бекітілген тізімін (аты-жөні, БАҚ, қызметі, жеке куәлік көшірмесі) а.ж. 23 маусымынан кешіктірмей 7172225@prokuror.kz электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

Аккредитация бойынша сұрақтар туындаса баспасөз қызметінің өкіліне мына номер бойынша хабарласуға болады: 30-15-46 /Елжан Байдаулетов/.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.