You are here

Жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдату

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Лейла Асанбаева,
Бас прокуратураның
2-Департаментінің
аға прокуроры

Ана мен баланы қорғау мәселесі құқық қорғаудың басым мәселелерінің бірі болып табылады. Ана мен балаға қатысты кез-келген зорлық-зомбылық қатаң тыйылуы қажет. Жаңа Қылмыстық кодекстегі жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін қатаңдатылған жауапкершілік шаралары осының куәсі болып табылады.

Бас прокуратурамен талдау жасап, оның негізінде осы қылмыстарды жасауға себепші болатын басты себептер анықталды. Оның қатарында отбасы институның әлсіреуі, моральдық-адамгершілік деңгейінің төмендеуі; зорлық әрекеттерін жасауға бейім, психикалық дені сау емес адамдарды айқындау бойынша ішкі істер мен денсаулық сақтау органдарының өзара қатынасының нашарлауы; оқу орындарда арнаулы алдын алу жұмыстарының жеткіліксіз  деңгейі; порнографиялық және зорлық-зомбылықты насихаттайтын интернет-сайттардың негативтік әсері; жәбірленушінің виктимдік (арандатушылық жасау) тәртібі, ең алдымен кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктер ішумен және аморальдық тәртібімен байланысты (зорлаудың әрбір екінші жағдайы ішімдік ішумен байланысты).

Өкінішке орай,  сексуальдық қылмыстың статистикасы көрсетіп отырғандай, барлық өкілетті органдар тарапынан оны тергеу, ашу және алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі жеткіліксіз. Жүйелі жұмыстың жоқтығы, барлық мүдделі және уәкілетті органдар арасындағы өзара қатынас жеткіліксіз орнатылған.

Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық фактісінің көбеюі ерекше үрей тудырып отыр. Ондай қылмыстардың саны 2010 жылдан бастап екі есеге өскен және 2014 жылы 943-ті құрады (2010 жылы - 491).

Осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша осындай құқық бұзушылықтың жеті жүзден астамы тіркелді (726), ол өткен жылдың (485) салыстырмалы кезеңінен 50%-ға жуыққа көп.

Тексеріс барысында осы қылмыстарды тергеу барысында болатын көптеген бұзушылықтар анықталады: созбалау, өтінішті қабылдау және тіркеу кезеңінен басталатын тергеудің толық еместігі, оны жасыру да орын алған.

Ондай істерді тергеу барысында моральдық-этикалық және психологиялық аспектілер ескерілмейді. Бұл көбіне олардың латенттік сипатын анықтап береді, себебі жәбірленушілер құқық қорғау оргадарына бекерге жүгінгілері келмейді.

Жасалған қылмыстарды ашуға жеткілікті шаралар қабылданбайды, ал ашылудың төмендігінің негізгі себептерінің бірі алғашқы тергеу әрекеттерінің сапасыз өткізілуі болып табылады.

Осы кемшіліктердің барлығын ведомствалық бақылау мен прокурорлық қадағалауды қатаңдату арқылы жою қажет.

Бас прокуратура Үйлестіру Кеңесінде бірнеше қосымша шаралар ұсынылды, соның ішінде заңнамалық сипаттағылары да бар, оларды іске асыру барысында жағдайды өзгерту мүмкін болады.

Атап айтқанда, осы істер бойынша жәбірленушіден жауап алуды тергеуші емес, психологтардың жүргізуі, немесе олардың міндетті түрде қатысуы туралы мәселені қарастыру ұсынылды. Психиканы зақымдау фаторларын төмендету үшін кәмелетке толмағандардан жауап алу барысында олардың жауаптарын міндетті түрде сақтап қоюды қарастыру қажет.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге қатысты ғана емес, кәмелетке толмағандарға да қатысты жасалған қылмыстар бойынша ондай істерді татуласуға байланысты тоқтатуға тыйым салу туралы заңнаманы өзгерту ұсынылды.

Одан басқа, психикасында патологияның барын анықтау үшін, осы қылмысты жасаған тұлғаларға қатысты психолого-психиатриялық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету қажеттілігі танылды. Алдын алу шарасы ретінде кастрацияны қолдану мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. 

Сонымен қатар, қарастырудың қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыспен күрес бойынша арнаулы бөлімшелер құру; жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған бұрын сотталған адамдарға әкімшілік қадағалау орнату; елді мекендерде тұратын, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген тұлғалар туралы мәліметтер алуға азаматтардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; сонымен қатар электрондық құрал коммуникациялары арқылы педофилдерді іздеу әдістемесін құрастыру, яғни, бала порнографиялары бар интернет-парақтарына жиі кіретін тұлғаларды қадағалау ұсынылды.

Қабылданған шаралар кешені осы бағыттағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді деп сенеміз.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.