Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды

15 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 15 наурыз, Астана қ. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады.

Оған өткен жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жарияланды.

Ж. Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, өзге тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдік келтірілді.

Сондай-ақ, Ертаевпен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен банктің қатардағы жұмысшылары – бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріповтер күдіктілердің ішінде.

Тергеу барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде 15 млрд теңге өтеліп, 48 млрд теңге мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тергеп-тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Ж. Ертаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу