You are here

Жолдардағы апаттылық және жарақат алу жағдайы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша  2016 жылдың  3 айында  2015 жылдың  осындай  кезеңімен салыстырғанда  жол-көлік оқиғасы 3,1 пайызға төмендеген.

Еліміздің жолдарында  3570 жол-көлік оқиғасы болып, онда  5013 адам зардап шекен, оның ішінде 403 адам қайтыс болды, ал өткен жылдың осындай  кезеңінде 3686 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,  онда  5112  адамның денсаулығына зақым келген, оның ішінде 440-ы қайтыс болған.

ЖКО салдарынан 767 кәмелетке толмаған бала жарақат алып, олардың 24-і қаза тапқан.

Статистикалық көрсеткіштерге қарағанда жол апаттарының себептері  өзгермейді. Жалпы, 90%-дан артық ЖКО Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болады. Сонымен, олардың кінәсінен 3383 апат жасалған, оның ішінде 101 алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.

Ең көбі - 1068 ЖКО жылдамдықты арттырудан болды, соның салдарынан 156 адам қаза болып, 1259-ы жарақаттанды.

Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 616 ЖКО-да 32 адам қаза тауып, 774-і жарақаттанды, қарсы қозғалыс жолына шығу салдарынан 40 ЖКО-дан 11 адам қаза болып, 97-і жарақаттанды.

Көп бөлігі немесе 1624 ЖКО жүргіншілерді соғып кетуі салдарынан, 1259-көлік құралдарымен соқтығысудан және 211 - аударылу салдарынан болды.

Қоғамдық көліктің қатысуымен 268 ЖКО болып, онда 17 адам қаза болды, 334-і жарақаттанды.

Жол апаттарынан ең аз зардап шегетін жүргізушілердің өздері, ал көп зардап шегетін жолаушылар мен жаяу жүргіншілер.

ЖКО-ның 30 пайызы Алматы қаласында орын алып отыр. 2016 жылы бұл аймақта адамдардың дене жарақатына және кісі өліміне алып келген 1153 ЖКО тіркелген. Апаттылығы аз Солтүстік Қазақстан облысы болып отыр, онда осындай 34 ЖКО орын алған.

Адамдардың өміріне және денсаулығына қайғылы салдарын тигізген ЖКО фактілерінің азаюы Атырау (90/56), Қостанай (102/81) және  Қызылорда  (77/65) облыстарында байқалады.

Апаттылық жарақаттанудың өсуі осы жылы Ақтөбе (123/146) және Жамбыл (241/268) облыстарында байқалады.

Жамбыл (461/422) және Батыс Қазақстан (137/117)  облыстарында  жол-көлік оқиғалары санының артуына байланысты онда жарақат алғандардың саны өскендігі байқалады.

Елімізде тіркелген  ЖКО туралы жан-жақты ақпаратты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында http://service.pravstat.kz/  мекен-жайы  бойынша «Ақпараттық сервис» бөлімінде орналасқан Жол апаттылық картасынан алуға болады.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап  Комитеттің сайтында адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға көлік құралының қатысуы туралы ақпаратты беру сервисі қызмет жасайды.

Пайдаланушыға «Адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға көлік құралының қатысуы туралы ақпарат» қосымша бетінде автомашинаның нөмірін енгізу қажет болады, сосын ол ЖКО күні, машинаның маркасы, Жол қозғалысы ережесін бұзу және дербес деректерді шығармастан зардап шеккендердің саны туралы ақпаратты ала алады.

Ескерту: «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.