You are here

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің және адам өліміне әкелетін жол-көлік оқиғаларының көбею себептері туралы баспасөз ақпараты (27 тамыз 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

27 тамыз 2013 жылы Атырау облыстық прокуратурасы жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысында 2013 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік уәкілетті органдардың автомобиль көлігі туралы заңдылықты сақтауы, оның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігінің және адам өліміне әкелетін жол-көлік оқиғаларының көбею мәселесі қаралды.

Отырысқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері, уәкілетті және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Үйлестіру кеңесінің отырысында облыстың автокөлік жолдарында жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі-ЖКО) артқаны, соның ішінде өліммен аяқталған ЖКО-ның көбейгені атап өтілді.

Атап айтқанда, 2012 жылы облыс бойынша ЖКО-ң 374 жағдайы тіркелді, соның салдарынан 126 адам қаза болса, 422 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.

2013 жылдың 6 айында ЖКО-ның саны 237-ні (2012 жылдың 6 айында - 158) (+66,6 %) құрады, оның ішінде ЖКО нәтижесінде қаза болғандардың саны - 54 (46) (+17,4%) және әртүрлі дене жарақатын алғандар саны - 303 (197) (+53,8%). Өлімге әкеліп соғатын ЖКО-ның көпшілігі республикалық деңгейдегі автокөлік жолдарында болған.

2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында республикалық деңгейдегі жолдарда орын алған 44 (2012 жылдың 6 айы - 37) (+18,9%) ЖКО-ның  34-і (23) (+47,8%) өлімге әкеліп соққан, 75-і (53) (+41,5%) бойынша түрлі дене жарақаттар алғандар болған.

Атырау облыстық прокуратурасы жүргізген талдау облыста жол-көлік оқиғаларының өсу себебі жүргізушілік тәртібінің төмендігі, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдармен қамтамасыз ету және автомобиль жолдары жағдайының өз деңгейінде болмауы салдарынан екендігін көрсетті.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сонымен қатар оларға ықпал етуші себептер мен жағдайларды жою мақсатында, Үйлестіру кеңесі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді үйлестірілген шаралар әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Атырау облыстық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.