You are here

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2016 жылғы 21 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Тұңғыш Президент кітапханасында «Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен ұйымдастырды.

Отырысқа Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, орталық мемлекеттік органдардың, ғылыми ортаның, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Іс-шарада Құқық қорғау органдарының академиясы мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес сектордың сарапшыларымен бірлесіп әзірлеген Жол қауіпсіздігінің ұлттық тұжырымдамасының жобасы таныстырылды.

Отырыста сөз сөйлеген Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің заңға бағыну тәртібін қалыптастырудың және жолдағы жүріс-тұрыс мәдениетін арттырудың өзектілігі мен маңыздылығын атап көрсетті. Себебі әрбір жол-көлік оқиғасы жол қозғалысына қатысушылардың кінәсінен болады. Осы орайда азаматтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің проблемалық мәселелерін шешу үшін бірыңғай құжат әзірлеу қажет.

Академияның ректоры Ұлан Байжанов жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бүгін әлемдік және ұлттық ауқымда өзекті сипат алып отырғанын атап өтті. Елімізде жүргізіліп отырған жұмыстар кейінгі жеті жылда жолдағы өлімді екі есеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бүгінде ол 100 мың тұрғынға шаққанда 15 адамды құрап отыр. Бірақ бұл көрсеткіш те Еуропа аумағы елдерінің және кейбір ТМД елдерінің арасында жоғары болып қалуда.

Ұсынылып отырған Жобаның басты міндеті – 2020 жылға қарай жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім санын 100 мың тұрғынға шаққанда 6 адамға дейін төмендету және  алдағы уақытта жол апаттары салдарынан адам өлімінің төмен деңгейіне қол жеткізуге жағдай жасау. Бұл Жоба Қазақстанның жол-көлік оқиғалары кезіндегі шығын көрсеткіші ең төмен мемлекеттердің қатарына кіруіне мүмкіндік береді, - деді Ұ.Байжанов.

Жоба аясында заңнамалық, білім және тәрбие беру, ақпараттық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қарастырылған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында қызмет ететін мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді үйлестіру үшін Жолдағы қауіпсіздік жөніндегі уәкіл институтын енгізу ұсынылды.

Форумды қорытындылаған Ұ.Байжанов жолдағы қаза табу санының тұрақты төмендеуіне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми ортаның күш-жігерін біріктіруге шақырды.

Талқылау қорытындысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолдағы өлім деңгейін төмендетуге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Олар Ұлттық тұжырымдама жобасын одан әрі жетілдіру кезінде қолданылатын болады.

Бас прокуратура жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.