You are here

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тексерістер қорытындылары туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2015 жылғы 2 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне прокуратура органдары ерекше көңіл бөледі.

Бұл саладағы заңдылықты қамтамасыз ету үшін тұрақты тексерулер жүргізіледі, проблемалы мәселелерге талдау жасалады, әлемдік тәжірибе зерделенеді және жолдардағы апаттар санын азайтуға мүмкіндік беретін аса табысты әдістерді енгізу жөнінде шаралар қабылданады.

Жол полициясы органдарымен бірлесе отырып қабылданған шаралардың нәтижесінде, автопарктің жыл сайын ұлғаюына қарамастан, а.ж. 7 айы ішінде ЖКО-ның саны 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға (10621-ден 10187-ге) төмендеген, оларда зардап шеккендер саны 3,1%-ға (14737-ден 14278-ге) азайған.

Көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткіден мастану күйінде басқару фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыс жіті назарға алынған.

А.ж. өткен кезеңінде республика бойынша автокөлікті алкогольдік немесе есірткіден мастану күйінде басқарудың 16 мыңнан астам фактісі анықталды. 1 965 азаматқа соттар әкімшілік қамауға алу жазасын қолданды, 14 мыңнан астам жүргізуші көлік құралдарын басқару құқықтарынан айырылды, 125 адамға 24 млн. теңге сомасында айыппұл салынды.

Дегенмен, статистикалық деректерге сәйкес ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жолаушылар автокөлігінің қатысуымен болған апаттар саны 2,8%-ға (485-тен 499-ға), оларда қайтыс болғандар саны 19,3%-ға (75-тен 93-ке) артқан.

Биыл ЖКО-на кінәлі болған 517 автобустың ішінен 324-і ресми тасымалдаушылар, 193-і – заңсыз тасымалдаушылар болғаны анықталды.

Баяндалғанды ескере отырып, Бас прокуратура кең ауқымды тексеру жүргізіп, ол жолаушылар тасымалы нарығының көп жағдайда ұйымдастырылмаған, бей-берекетсіз сипатқа ие екендігін көрсетті.

Республика бойынша қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асыратын барлығы 3 мыңнан астам автобус және микроавтобус анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3,5 мыңға жуық іс қозғалды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде рейстер мен бағдарлардан 125 автобус алынып тасталды.

Аумақтық прокуратуралар, уәкілетті мемлекеттік органдар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде заңсыз тасымалдаушылардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды одан әрі жалғастыруға жұмылдырылған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.