You are here

Жол қауіпсіздігі бойынша дөңгелек үстел туралы БАҚ үшін аңдатпа

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

21 қараша күні сағат 15.00-де Бірінші Президент кітапханасында «Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді. Іс-шараны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Отырысқа Бас прокуратураның, ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрліктерінің, көлік ұйымдарының, ғылыми ортаның және БАҚ өкілдері қатысады.

Форумда Құқық қорғау органдарының академиясы мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп әзірлеген Жол қауіпсіздігінің ұлттық тұжырымдамасы таныстырылады.

Ұлттық тұжырымдама отандық және шетелдік тәжірибе, 2011-2020 жылдардағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттер Онжылдығын іске асырудың Жаһандық жоспары негізінде, сондай-ақ ДДҰ зерттеулерін пайдалана отырып жасалған. Қазақстандағы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың  деңгейі Еуропа аумағы елдерінің арасында ең жоғары және Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Армения сияқты ТМД елдерінің сәйкес көресткішінен жоғары.

Тұжырымдамада заңнамалық, білім, тәрбие беру, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қарастырылған. Тұжырымдаманың мақсаты: 2020 жылға қарай жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім санын 100 мың тұрғынға шаққанда 6 адамға дейін төмендету (қазіргі уақытта 100 мыңға 14,9).

Толық ақпаратты дөңгелек үстел отырысы барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар беретін болады.

Қатысуға ниет білдіруші журналистерді 18 қараша күні сағат 19.00-ге дейін 71-20-38 телефоны немесе 7171498@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы тіркеуден өтуді сұраймыз (рұхсаттамалық өтінім формасы қоса беріліп отыр).

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, журналистердің Бірінші Президент кітапханасына алдын-ала, яғни, 21 қараша күні сағат 14.30-да келулерін сұраймыз.

Өтетін орны: Астана қ., Еңбекшілер к-сі, 10, Бірінші Президент кітапханасының ғимараты, 2-қабат.

Бас прокуратура жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі

Байланыс телефондары: 71-20-38, 8-701-474-82-93

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.