You are here

Жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесу туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқық қорғау органдарының кадрларға қажеттілігін ескере отырып, ведомстволық білім беру жүйесін жаңартуды көздейтін Құқық қорғау органдарының кадр саясатының тұжырымдамасын іске асыруға байланысты Бас прокуратура мақсатты жұмыстарды жүргізіп келеді. Қадағалау органдарының алдында тұрған міндеттерді шешуге қабілетті, жоғары білікті кадрлар құрамын даярлау мен іріктеу сапасына ерекше назар аударылып отыр.

Осы бағыттағы жұмыстар келешек заңгерлерді даярлайтын еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүргізілуде. Ынтымақтастық аясында меморандум жасалды, прокуратура органдарына орналасуға қажетті әлеуеті бар студенттердің ішінен арнайы пул қалыптастырылды, оқу орындарының басшыларымен және студенттермен тұрақты кездесулер өткізіліп тұрады.

Бірлескен жұмыстардың тәжірибесі, бос лауазымдарға орналасуға конкурс рәсімдерін өткізудің қорытындысы, сондай-ақ жас мамандардың қызметтік әрекетіне жасалған талдау – бірлесіп шешуді талап ететін мәселелердің бар екенін көрсетті.

Бұл мәселелерді Кадр жұмысы департаментінің бастығы Роза Досымбекова Қазақ гуманитарлық заң университетінің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің проректорларымен кездесу барысында атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар прокуратура органдары үшін мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылады, жоғары оқу орындарында оқытудың сапасын жақсарту туралы ұсыныстар енгізді.

Атап айтқанда, білім беру бағдарламаларын жетілдіру қажеттігі, халықаралық тәжірибені бірлесіп зерттеу және шетелдік сарапшыларды тарту, құқық қорғау органдарында оқытушыларды тағылымдамадан өткізу негізінде дуальды білім беру тәсілі мен жаңа нысанын енгізу, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің жүріс-тұрысының стандартын студенттік кезеңнен бастап қалыптастыру туралы тараптар ортақ пікірге тоқталды.

Өз кезегінде, жоғары оқу орындарының өкілдері келешек студенттерді ерте кезден іріктеу рәсімін енгізуге, прокуратура органдарына арналған арнайы модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, жұмыс берушілердің клубын құруға, прокуратура органдарының ардагерлерімен студенттерге лекциялар оқытуға бағытталған ұсыныстар жасады.

Талқылаудың нәтижесінде жоғары білім беруді ұйымдастыруға прогрессивтік көзқарасты дамыту мен енгізу жөнінде нақты ұсыныстарды әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобын құруға, сондай-ақ құқық қорғау органдарына арналған мамандарды даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізуге бастама жасалды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.