«Жетімнің басын сипа» акциясы туралы баспасөз баяны

15 желтоқсан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары республикамыздың барлық аймақтарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жетімнің басын сипа» атты кең ауқымды қайырымдылық акциясына бастамашылық етті және өткізді.

Акцияның мақсаты – жетім балаларға, аз қамтылған, көп балалы және аса мұқтаж отбасыларға, қарттар үйлеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету.

10 желтоқсанда акция шеңберінде Астана қ. прокуроры Сабыржан Бекбосынов көп балалы Ержановтар отбасына жеке өзі барып, оларға тұрмыстық техника, тоңазытқыш, сондай-ақ азық-түлік басқа да алғашқы қажеттілік заттары түрінде көмек көрсетті. Қала прокурорының айтуынша, бұл отбасыға сонымен қатар әлеуметтік мәселелерде және көмірмен қамтамасыз ету бойынша көмек көрсетілетін болады. Тағы бір көп балалы Әбілқасымовтар отбасына қала прокуратурасы азық-түлік, жылы киім, аяқ киім түрінде материалдық көмек көрсетті.

Алматы облысының прокуратурасы Талдықорған қ. «Айналайын» балалар үйінде спорттық турнир өткізіп, онда балалар 300 мың теңге сомасына бағалы жүлдер мен сыйлықтармен марапатталды. Ақмола және Қызылорда облыстарында түзеу мектебінің балалары мен балалар үйінің балалары үшін 300 мың теңгеден астам сомаға мектеп құралдары сатып алынды. Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында 1 млн. теңгеден астам сомаға  балалар үйлеріне ақша қаражаты аударылды, жаңа жылдық костюмдер, азық-түлік, ойыншықтар, гигиена құралдары, тұрмыстық техника сатып алынды.

Бас прокуратура сомасы 140 мыңнан астам теңгеге аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетті.

Бұл бастама шеңберінде, макулатура жинау және тапсыру бойынша жұмыс жүргізілді. 2 млн. теңгеден астам сомаға макулатура жиналып, кәдеге жаратылды. Бұл қаражат та жетім балаларға, аз қамтылған, көп балалы және аса мұқтаж отбасыларға, қарттар үйлеріне алғашқы қажеттілік тауарларын сатып алуға жұмсалды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында бұл бастама әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға мерекелік көңіл күй сыйлауға, олардың шын қуануына мүмкіндік берді.

Прокуратура органдары осындай әлеуметтік жобалар өткізу дәстүрін жалғастыратын болады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу