You are here

Жеңіс күніне арналған озық тақырыптық жұмыстар байқауының қорытындылары туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында Бас прокуратура қызметкерлер арасында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және тыл еңбеккерлеріне арналған озық тақырыптық жұмыстарға байқау жариялаған болатын.

Оның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ардақты есімдерін мәңгілік есте қалдыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті шыңдау және таңдаған мамандыққа деген адалдықты арттыру болып табылады.

Байқау екі кезеңмен өткізілді. Алдымен өңірлік прокуратура органдарындағы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттегі, Бас прокуратураның институтындағы жеңімпаздар анықталды.

Бұдан кейін байқауға қатысушы 30 автордың іріктеліп алынған еңбектерін Бас прокуратураның комиссиясы талқыдан өткізді.

Байқау жеңімпаздары мерейтойлық медальлармен, бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.