Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күнінемерекесіне арналған салтанатты жиналыс

06 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күнінемерекесіне арналған салтанатты жиналыс - 1678716320

Бас прокуратурада Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Прокуратура қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтай отырып, Бас Прокурор мереке күндерінің тарихи маңыздылығына назар аударды.

1992 жылғы 7 мамырда алғаш рет Тәуелсіз Қазақстан әскернің құрылғаны, ол бүгінгі таңда әлемдік стандарттарға сәйкес келетіні және қазіргі заманға сай әскери техникасы бар екендігі атап өтілді.

Әрине, бұл еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі екені сөзсіз.

Қазақстанның Отан қорғаушылары Екінші дүниежүзілік соғыс майданында соғысқан аға ұрпақтың даңқты әскери дәстүрлерін мұра етеді.

Соғыста бір жарым миллионнан астам қазақстандық иық тіресіп шайқасты, олардың 500-ге жуығы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

«Ұлы Отан соғысында бүкіл адамзаттың болашағы үшін шайқас болды. Біздің көп ұлтты халқымыз азап шегіп, жақындарын жоғалтты.

Біз әрбір үйге, Отанымыздың әрбір шебі үшін қасық қаны қалғанша ерлікпен қаза тапқандардың алдында бас иеміз», - деп атап өтті Ғ. Нұрдәулетов.

Мерекеге орай Мемлекет басшысы прокурорлардың заңдылықты және құқықтық тәртіп нығайтудағы еңбектерін атап өтті. Президенттің Жарлығымен бірқатар прокуратура қызметкерлері жоғары басшылық құрамның сыныптық шендері мен мемлекеттік наградаларға ие болды.

2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі жоғарғы сынып шені Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовке, оның орынбасары Марат Ахметжановқа, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Алматы қаласының прокуроры Берік Жуйріктаевқа, Қарағанды облысының прокуроры Марат Сексембаевқа, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Қайрат Жақыпбаевқа берілді.

Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев І дәрежелі «Даңқ» орденімен, Қостанай облысының прокуроры Тимур Сүлейменов ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау жөніндегі қызмет бастығының орынбасары Радимхан Дубаев «Құрмет» орденімен, Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасаған лауазымдық қылмыстарды тергеу жөніндегі басқарма Бас прокурорының аға көмекшісі Алмаз Қабдірахманов, Орталық өңірдің әскери прокуроры Николай Комиссаров, Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл өңірінің прокуроры Уәлихан Кәрімов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Бас Прокурордың бұйрығымен қызметтік міндетін үлгілі орындағаны үшін прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері ведомстволық наградалармен және кезектен тыс сыныптық шендермен марапатталды.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз-қызметі

 

 

Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күнінемерекесіне арналған салтанатты жиналыс - 1269628144
Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күнінемерекесіне арналған салтанатты жиналыс - 848868287
Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күнінемерекесіне арналған салтанатты жиналыс - 1927545907

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу