You are here

Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған салатанатты жиналыс туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 6 мамыр)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған салатанатты жиналыс ерекше салатанатты жағдайда болып өтті.

Салатанатты жиналысты аша отырып, Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ардагерлерді олардың майдандағы және еңбектегі ерліктеріне терең ризашылығын білдіре отырып, Жеңістің 68-жылдық мерекесімен құттықтады. Барлық ұрпақтар үшін 9 мамыр – біздің халқымыздың ерлігінің, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы болып табылатын ерекше мейрам. Ол ешкім және ештеңе де фашизмді жеңудегі халықтың ұлы ерлігін және оның бүкіләлемдік тарихи мағынасын төмендете алмайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, бүкіл халықпен бірге Жеңіс үшін біздің отандастарымыз да ерлікпен және жанқиярлықпен күрескен.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің арасында прокуратура органдарынан шайқасқа аттанғандар да аз емес, соғыстан кейін олардың көпшілігі өз өмірлерін қылмыспен күреске арнады.

А.Даулбаев прокуратура органдарының ардагерлері Амантай Бәжеевке және Михаил Набатовқа «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық наградасын тапсырды. Ақсақалдар жас ұрпаққа қаза тапқан батырлардың естелігіне лайықты болуды, прокурорлық кәсіптің үздік дәстүрлерін сақтау және көбейту жөніндегі тілектерін айтты.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен прокуратура органдарының бірқатар жетекшілері жоғары сыныптық шендер мен әскери шендерге, сондай-ақ жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевқа 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельге 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шендері берілді. Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадинов әділет генерал-лейтенанты шенін алды. Бас Прокурордың орынбасары Жақып Асанов, Маңғыстау облысының прокуроры Сабыржан Бекбосынов, Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішев, Бас прокуратураның Департамент бастығы Нұржан Исаков 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі атанды.

Тәуелісіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет генералдық шен – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені әйел адамға – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәуле Айтпаеваға берілді.

Бас әскери прокурордың орынбасары Құсайын Игембаев ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, Бас әскери прокуратураның қызметкерлері – Асхат Қазиев пен Нұржан Нұрахметов – «Ерен еңбегі үшін» медальдарімен наградталды.

А.Дауылбаев атап өткендей, осының барлығы егемен еліміздің қалыптасуына, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге прокуратура органдарының сіңірген еңбегі мен үлесін мойындаудың куәсі болып табылады.

Бас Прокурор орталық аппараттың бірқатар қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғандары, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлестері үшін кезектен тыс сыныптық шендер, ведомстволық наградалар және құрмет грамоталарын тапсырып, марапаттады.

Салтанантты іс-шара прокуратура органдарының қызметкерлері дайындаған концертпен аяқталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.