You are here

Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Бас Прокурор Жақып Асанов прокуратура органдарының ардагерлерлері мен әріптестерін Жеңістің 71 жылдығымен шын жүректен құттықтады. 9 мамыр – барлық ұрпақтар үшін ерекше әрі жарқын мереке, халқымыздың ерлігі мен беріктігінің, Отанға деген шексіз махаббатының жарқын бейнесі. Әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі ұрпақтарының жадында мәңгі сақталады, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық үшін оларға әрдайым алғыс айтып өтеді, - деді жиынды ашқан Бас Прокурор.

Барлық халықтармен бірге біздің отандастарымыз да соғыста ерлікпен шайқасты. 528 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды, олардың төртеуі бұл атақты екі мәрте иеленді, жүздеген мың азамат көрсеткен ерліктері үшін ордендер және медальдармен марапатталды. Қазақстан  әскерлерді қару-жарақ, оқ дәрі, азық-түлік және өзге де материалдық ресурстармен үздіксіз қамтамасыз етіп, сенімді тыл бола білді. Соғыс ардагерлері қатарында еліміздің прокуратура органдарынан майданға аттанған адамдар да аз емес. Олардың көбісі соғыстан кейін де өз өмірлерін қылмыспен күрес жөніндегі ауыр жұмыспен байланыстырған. Біз қаһарлы соғыстың жолын кешіп, өз өмірлерін заң мен құқыққа қызмет етуге арнаған ардагерлеріміздің көрсеткен ерліктері алдында басымызды иеміз. Олардың әскери қызметі мен еңбек жолдары қазіргі қызметкерлер үшін нағыз патриотизмнің және прокурорлық корпустың озық дәстүрлерінде қызметкерлерді тәрбиелеудің жарқын үлгісі.

Жақып Асанов әріптестерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Тәуелсіздік жылдарында Мемлекет басшысының қолдауымен біздің әскеріміз қауіпсіздіктің кепілі мен еліміздің күш-жігерінің бейнесіне айналды. Бас Прокурор бүгінгі таңда Қарулы күштер мемлекетіміздің сенімді тірегі  болып саналатынын атап өтті.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен прокуратура органдарының бірқатар басшылары жоғарғы сыныптық шендер мен мемлекеттік наградаларға ие болды.

2-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені Бас Прокурор Жақып Асановқа тапсырылды. 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені Бас прокуратураның 6-шы Департаментінің бастығы Ұлықбек Патсаевқа, Қостанай облысының прокуроры Марат Қайыбжановқа және Қызылорда облысының прокуроры Сапарбек Нұрпейісовке берілді. 

Сонымен қатар Президенттің Жарлығы бойынша 5 қызметкер мемлекеттік наградалармен марапатталды. I дәрежелі «Даңқ» орденімен Павлодар облысының прокуроры Мұхтар Жөргенбаев, II дәрежелі «Айбын» орденімен Бас прокуратураның 10-шы Департаментінің бастығы Болат Дембаев және Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Бірлік Тәшімов марапатталды. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі Бас әскери прокурордың аға көмекшісі Сейдехан Әйтеновке және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары Алиса Самойленкоға берілді.

Бас Прокурор қызметтік міндетін үлгілі орындағаны үшін орталық аппараттың бірқатар қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер мен ведомстволық наградалар тапсырды.

Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін покуратура органдарының қызметкерлері дайындаған концерт болды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.