You are here

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу мәселелері бойынша семинар-кеңес туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасы аясында Бас прокуратурада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қабылдау және есепке алу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар жұмысына орталық мемлекеттік органдар, сонымен қатар видеоконференциялық байланыс жүйесі арқылы олардың аймақтық құрылымдарының қызметкерлері де қатысты.

Мемлекеттік органдардың өкілдері жұмыс тәжірибесімен және қызығушылық тудырған мәселелер бойынша өз пікірлерімен алмасты.

Семинар алаңында есепке алу тәртібінде қол жеткізілген жетістіктермен қоса, орын алып жатқан проблемалар да айтылды.

Атап айтқанда, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап есепке алуды және статистикалық есептемені құруды автоматтандыру қағаз құжат айналымының мөлшерін елеулі түрде азайтты. Жедел мәліметтермен алмасу деңгейі жоғарлады, қабылдаудан бастап және түпкілікті қаралуға дейінгі өтініштермен жұмыс істеудің бүкіл процесі біршама айқындалды.

Семинарға қатысушылар құқықтық нормативтік актілерді қолдану, электрондық есепке алу құжаттарын жүргізу және ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттестігі сияқты негізгі мәселелерді талқылады.

Талқылау нәтижесі бойынша статистикалық есептеменің бұрмалануын болдырмау және талдау қызметін жоғарлату жөнінде ұсынымдар  әзірленді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.