You are here

Жеке кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары осы бағытта белсенді жұмыс атқаруда.

Кәсіпкерлердің кәсібіне кедергі келтіру мақсатында, заңсыз тексеру жүргізуге негіз жасайтын жекелеген адамдардың өзгенің жалған атын жамылып арыз жазу фактілері анықталды.

Иесі жалған арызды анықтап, заңсыз тексерудің жолын кесуге Комитеттің инновациялық жобалары  мүмкіндік береді.

Мысалы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына ОҚО Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғынынан Ақсу ауылында орналасқан халық тұтынатын тауарларды сататын дүкендерде санитарлық талап сақталмауда деген шағым түскен.

Осы шағым негізінде 40 жеке кәсіпкерге тексеру актісін тағайындалды.

Тексеру актісін заң талаптарына сәйкестігін саралау барысында, 61-ден астам мемлекеттік органдардың дерек қоры жинақталған Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпараттық алмасу жүйесі арқылы Қарабұлақ ауылында ондай азаматтың тіркелмегендігі анықталды. Бұл дерек  Қарабұлақ ауылы әкімдігінің анықтамасымен де қуатталады.

Нәтижесінде, заңсыз, яғни, «иесі бүркемеленген арыз» бойынша  тағайындалған актіні тіркеуден бас тартылды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс  жолданды.

Тексеріс қорытындысы бойынша департаменттің 3 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бас прокуратура Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

баспасөз  қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.