Жауынгерлік қарудан оқ ату жарысының нәтижелері туралы баспасөз ақпараты

05 мамыр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада прокуратура органдарының қызеткерлері арасында Жеңіс күніне арналған жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша чемпионат өтті.

Жарысқа 27 команда қатысты, соның ішінде Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің 10 командасы, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардан 15 команда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының командалары бар. 

Жарыста  Бас әскери прокуратура (1 орын), Бас Прокурордың Аппараты (2 орын) және Алматы қаласының прокуратурасы (3 орын) командалары жеңіске жетті.

Бәйгеде жеке, сонымен қатар командалық біріншілікте ерекше көзге түскен қатысушыларға кубоктар, медальдар, мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар берілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу