You are here

Жасөспірімдер қылмысының профилактикасы бойынша мобильдік топтардың жұмысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жасөспірімдер қылмысымен күресті күшейту және өкілетті органдар арасында осы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін сапалы өзгерту аясында 2011 жылы қадағалаушы органдар қамқорлығымен жасөспірімдер қылмысының профилактикасы бойынша мобильдік топтар құрылды.

Атап айтқанда, прокуратура органдарында алдын алу және идеологиялық жұмыстарды өткізу үшін ең проблемалық орта білім беретін мектептерге бекітілген ведомствоаралық (прокуратура, ішкі істер органдары, әкімдік және білім беру мекемелері қызметкерлерінен) мобильдік топтар  құрылды. Сонымен қатар осы жұмысқа қоғамдық ұйымдар өкілдері тартылды.

Мобильдік топтар жұмысы жасырын сауалнамадан басталды, оның нәтижесі бойынша жекелеген білім беру мекемелерінің оқушылары мектепте ақшаны қорқытып алу жағдайларына тап болатынын көрсетті.

Бұдан әрі осындай жасырын сауалнамалар ай сайын өткізілді, бұл оқушыларға қатысты ең проблемалық мәселелерді анықтауға және оларға бірінші кезекте назар аударуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар жеке профилактикалық жұмыс іске асырылды, бұл педагогикалық құрамның және өз балалары үшін қорыққандықтан құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуге қауіптенген ата-аналардың мәселеге қатынасын өзгертуге мүмкіндік берді.

Мобильдік топтар оларға қолжетімді әдістермен қорқытып алу жағдайларына қатысы болған оқушылар арасынан да, мектеп түлектері арасынан да бейресми лидерлер туралы ақпаратты жинақтады. Нәтижесінде мектептердегі қорқытып алуға қатысы болған адамдар анықталды.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтың осы түріне мүмкіндік берген себептер мен жағдайларды жоюға баса назар аударылды. Жасөспірімдердің бірқатар ата-аналары жұмыспен қамтылды. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға әлеуметтік органдар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар тартылды.

Қабылданған шаралар кешенінің нәтижесінде мектептерде қорқытып алу фактілері санын айтарлықтай азайтуға қол жеткізілді.

Қазіргі уақытта республика бойынша 700-ден астам мобильдік топ жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы мобильдік топтар 19 қылмыстық істі қозғады, заң бұзушылықты, оларға жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды жою туралы 65 ұсыныс енгізді, 500-ден астам өкілетті тұлғалар әртүрлі  жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, а.ж. 6 сәуірде Шығыс-Қазақстан облысы Глубокое ауданының мобильдік тобы Ленин атындағы орта мектепте сауалнама өткізу барысында осы мектептің 2 кәмелет жасқа толмаған оқушысынан ақшалай қаражатты қорқытып алу фактісін анықтады.

Өткізілген жедел іздестіру шаралары нәтижелері бойынша азамат М. ұсталды, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігі (қорқытып алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сонымен бірге мобильдік топтар оқушылардың мектепке ұзақ уақыт бармау, балаларға зорлық-зомбылық және қатыгездік жасау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың басқа да құқық бұзушылықтары фактілерімен кездесті. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдары тексеріс барысында ұзақ уақыт бойы сабаққа келмеген 500 оқушыны анықтады.

Барлық фактілер бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданды, кінәлілер жазаланды.

Жалпы жасалып жатқан жұмыстар республикада бірнеше жылдар бойына жасөспірімдік қылмыстың азаюына қол жеткізуге мүмкіндік берді (2012 ж. - 4670, 2013 ж.- 4284, 2014 ж.- 3561).

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.