Жаңадан Бас Прокурор тағайындалды

18 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 18 наурыз, Астана. Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Парламент Сенатының келісімімен Нұрдәулетов Ғизат Бас Прокурор болып тағайындалды.

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

 Прокуратура органдарында, Мемлекеттік тергеу және  ұлттық қауіпсіздік комитеттерінде мол еңбек тәжірибесі бар.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттерін басқарған. Орталық аппаратта Тергеу құрылымдық бөлімшесінің бастығы болған.

2017 жылдың шілде айынан Бас Прокурордың бірінші орынбасары.

ІІ дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Отбасылы, 3 баланы тәрбиелеп отыр.

 

ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу