You are here

Жаңа Қылмыстық кодекс бойынша есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу үшін қылмыстық жауапкершілік

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Анаргүл Асқарова,
Бас прокуратураның
10-шы Департаменті басқармасының
прокуроры

2015 жылы қолданысқа енгізілген Қылмыстық кодексінде есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу үшін қылмыстық жауапкершілік  296-шы және 297–баптармен тағайындалады. Олардың айырмашылығы есірткіні өткізу мақсатының бары не жоғына байланысты кінәлінің әрекетін саралаудан тұрады. Одан басқа, есірткімен жұмыс істеу саласындағы құқық бұзушылықтар қылмыстық теріс қылыққа – бұл ҚК 296-бабының 1,2,3-бөліктері және қылмысқа – бұл 296-бабының 4-бөлігі және ҚК 297-бабына бөлінеді.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына дейін есірткіні өткізу мақсатынсыз пайдалану үшін жауапкершілікке әкімшілік жауапкершілікпен жазаланған. ӘҚБтК-нен есірткі заттармен заңсыз жұмыс істеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықты қылмыстық теріс қылық санатына ауыстыру осы санаттағы қарастырылған істер санының ұлғаюына алып келді. 

2015 жылдың 6 айында республика соттары есірткі қылмысы бойынша 2650 тұлғаға қатысты 2561 қылмыстық іс қарастырса, 2014 жылдың 6 айында 1008 тұлғаға 887 іс қарастырған. Қарастырылған істің саны үш есеге өскен. Бұл өсім қылмыстық теріс қылық есебінен болып отыр. Есірткі қылмысы бойынша істердің жалпы санынан (1935/1958), қылмыстық теріс қылық 75,5%-ды құрайды.

Онымен қоса, қылмыстық және әкімшілік заңнамаларының айтарлықтай айырмашылығы салдарынан қылмыстық теріс қылықты тергеуде сотқа дейінгі кезеңде дәлелдемелерді жинау бойынша қиыншылықтар туындады. Теріс қылықты тергеу барысында қылмыстық процесті оңайлату болған жоқ, ол әкімшілік өндіріспен салыстырғанда айтарлықтай қиын және бірталай уақытты алады.

Ескере кету керек, осы себептерге байланысты ҚК 296-бабының 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтыну бойынша анықталған теріс қылықтардың саны қысқартылды.

Оның себебі «қоғамдық орындарда қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудың» міндетті белгісін дәлелдеу болды.

Ондай тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту да мүмкін емес, себебі ӘҚБтК-те  тек қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келгені (ӘҚБтК 440-бабы) үшін жауапкершілік қарастырылған. Есірткі заттармен заңсыз жұмыс істеумен байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу үшін, қоғамдық орындарға есірткілік масаң күйде келгені үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін қарастыру қажет. 

Мәселен, РФ-ның әкімшілік кодексінде қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін жауапкершілікті қарастыратын жеке норма бар. Онда масаңдықтың қандай психобелсенді заттар қолдануы негізінде болғанының маңызы жоқ. Алкогольдік немесе есірткілік масаңдықты саралау дәрігерлік куәландіру қорытындысы есебімен анықталады. 

Беларусь Респубикасында 2015 жылдан бастап қоғамдық орындарда есірткілік  масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.

Біздің көзқарасымыз бойынша,  қоғамдық орындарда тек есірткілік емес, сонымен қатар токсикоманиялық масаң күйде келгені үшін (тиісті өзгертулер құрастырылуда)  отандық заңнамаға да әкімшілік жауапкершілік енгізу қажет.

Айыптау үкімі 2378 іс бойынша 2465 тұлғаға шығарылды (817 іс бойынша 898 тұлғаға).

Қылмыстық жазаны тағайындау тәжірибесі куәландырғандай, айыппұл мен қоғамдық жұмыстарды тағайындау басым болып тұр. Сонымен, 2015 жылдың 1-жартыжылдығында айыппұл – 770 тұлғаға, қоғамдық жұмыс – 654 тұлғаға тағайындалған, 2014 жылы ондай жаза қолданылмаған.

Бостандығынан айыруды тағайындау 2014 жылы 650-ден ағымдағы жылы  510-ға дейін сотталғанға, яғни, 21,5%-ға төмендеген. Сондай-ақ шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы 106-дан 69-ға, немесе 34,9%-ға азайған.

Қылмыстық кодекстің тағы бір жаналығы сонымен қатар есірткі заттары мен психотроптық заттар тектес заттармен заңсыз жұмыс істеу үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі болып табылады. «Тектес» ұғымы сонымен қатар «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Заңына енгізілген.

Оған  ынталандыратын, әлсірететін немесе елестету жағдайын шақыратын, Жиынтық кестеге енгізілген заттармен құрылымы мен қасиетіне ұқсас, химиялық құрылымы мен қасиеті бар, оны шектен тыс қолдану барысында халықтың денсаулығы үшін қауіпті, синтетикалық және табиғи шығу тегі бар заттар жатқызылған.

Жиынтық кестеге тектес мөлшері (сонымен қатар қылмыстық-жазаланатын) оның тектесі болып табылатын есірткі мөлшеріне сәйкес келетіні туралы ереже енгізілген.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.