You are here

Жаңа формацияның басшыларын дайындау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жаңа формацияның басшыларын дайындау - 1417838843

Құқық қорғау органдарының академиясында Президенттік резервте тұрған қызметкерлерді кәсіби қайта даярлаудың кезекті курстары басталды. Прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері өз біліктіліктерін арттыратын болады. 

Іс-шараның ашылуына Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің xатшысы Владимир Жұмақанов пен Бас Прокурор Жақып Асанов қатысты.

Бас Прокурор жаңа формацияның басшыларын - көшбасшылар мен заманауи менеджерлерді қалыптастыру бойынша  Мемлекет басшысы  алға қойған міндетті жүзеге асыру тұрғысынан оқыту іс-шарасының маңызын атап өтті. «Оқуға негізгі басшылық лауазымдарға тағайындалу үшін іріктеудің ерекше тәртібінен өткен үздік қызметкерлер жіберіледі. Оқытудың негізгі мақсаты - резервистерді болашақ жауапкершілігі мол жұмысқа даярлау,  олардың кәсіби және басқарушылық құзыреттіліктерін жетілдіру. Оқу процесін ұйымдастырудың жаңаша әдістері заманауи трендтерге және еліміздің дамуының маңызды кезеңдеріне жауап береді», - деп атап өтті ол.

Академия басшысы Наиль Ахметзакиров Президенттік резерв қызметкерлерін оқыту бағдарламасы, сондай-ақ кадрларды даярлаудың жаңа идеялары мен әдістері туралы айтып берді.

Басқарушы кадрларды даярлаудың арнайы бағдарламасы өткен жылдың сәуір айында басталды. Оқытудың негізгі мақсаты - тыңдаушыларға кәсіби-тұлғалық әлеуетті жетілдіруде көмек көрсету, маңызды әрі пайдалы білімдерді, жедел басқару мен  стратегиялық жоспарлаудың заманауи құралдарын үйрету. Болашақ басшыларға тиімді менеджерлер мен ұйымдастырушылар болуды, басшылық қызметте кездесетін түрлі кризистік жағдайларда жедел әрі адекватты шешімдер қабылдауды үйретеді.

Тренингтер мен шеберлік сыныптарын үздік отандық және шетелдік сарапшылар, танымал ғалымдар мен практиктер, соның ішінде мемлекеттік органдардың басшылары өткізеді.

Мұның бәрі өзінің айқын нәтижелерін беруде. Бүгінгі таңда Академия қабырғасында 56 резервист қайта даярлаудан өтті, олардың 13-і жоғары тұрған лауазымдарда қызмет етуде. Президенттік резерв мектебінен өткен жаңадан тағайындалған басшылар прогрессивті әдістерді өз жұмысында тиімді пайдалануда.  

Президенттік резерв бағдарламасы ​құқық қорғау органдарының кадрлық өзегінің нығаюуына септігін тигізуде. 

Оқу процесінің сапалы ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етілуі қойлыған міндеттерді дәйекті әрі мақсатты түрде шешуге, жоғары тиімділікпен сауатты әрі прогрессивті ойлайтын басшыларды даярлауға мүмкіндік береді.     

Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі

Теги: 
Жаңа формацияның басшыларын дайындау - 314985829

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.