Жамбыл облысының прокурорлары аймақ тұрғындарын «Прокурордың 100 кеңесі» кітабымен және мобилді қосымшасымен таныстырды.

17 қаңтар 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Прокурордың 100 кеңесі» жиынтығын жергілікті жұртқа таныстыру үшін Жамбыл облысының прокуратура қызметкерлері көшеге шықты. Адам көп жиылатын орындарға барып,  ақпарат кітапшалары мен жадынамалар таратты.     

Осының арқасында, азаматтар кітапша және оның мобилді қосымшасын қалай пайдалану қажеттігі туралы ақпарат алады. Бұл - азаматтардың құқықтық мәдениетінің жоғарлауына бірден-бір септігін тигізетін қадам.  

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың 13 желтоқсанында Орталық коммуникация қызметінде Бас прокуратура «Прокурордың 100 кеңесі» кітабы мен мобилді қосымшасын таныстырды.

Кітап 9 тараудан тұрады және оның ішінде әр-түрлі өмірлік жағдайларға кеңестер қарастырылған: отбасылық қарым-қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, бизнес, еңбек  мәселесі, құқық қорғау және сот органдарымен өзара әрекет ету, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы не білу керек, алаяқтықтан қорғану, өтініш беру. Мысалы, «Отбасыңызға 10 кеңес» тарауында балаларды қылмыстық және төңіректегілердің негативтік әсерінен сақтау туралы ұсыныстармен қоса басқа да өмірде керек кеңестер берілген.   

Аталған жиынтық тұрғындарға Бас прокуратураның сайтында (prokuror.gov.kz), 115.kz порталында және смартфондарға арналған тегін мобилдік қосымша ретінде екі тілде ұсынылған. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу