You are here

Прокуратура Тараздағы студенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылғы 25 сәуірде Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінен (ЖГТУ) білім беру қызметімен айналысуға рұқсат беру қағазы кері қайтарылып алынды.

Бұл сот шешімі заңды күшіне енді. Көрсетілген шешімге ЖГТУ ректорының шағымдарын қанағаттандыру үшін негіздемелер жоғары тұрған сот инстанцияларымен және прокуратура органдарымен анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 40 және 57-баптарының талаптарына сәйкес, рұқсат беруге жататын білім беру қызметі тиісті рұқсат беру қағазынсыз жүзеге асырылмайды. 

Бұл ЖОО мұндай қызметті тоқтатуға міндетті екендігін және онда оқып жүрген студенттерге оқуды басқа оқу орындарында жалғастыруды не болмаса басқа түрде өздерінің алдағы уақыттағы тағдырларын анықтауды білдіреді.

Студенттердің алдағы уақыттағы білім алуына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатымен өкілетті мемлекеттік органдармен қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Прокуратура органдары ЖОО басшылығынан каникулдық кезең аяқталғанға дейін студенттердің басқа оқу орындарына кедергісіз ауысуы үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынуды талап етті.

Прокуратура органдары осы ЖОО студенттері құқықтарының сақталуын бақылауды жалғастыруға ниетті.

  Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.