You are here

Жалған терроризм – бас бостандығынан айыру және залалды өтеу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Орынкүл Дүбірбаева,
Бас прокуратура 1-ші Департаментінің
бөлім аға прокуроры

Прокуратура органдары тұрғындар арасында терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарламардың профилактикасына және алдын алуға бағытталған жұмысты тұрақты негізде жүргізуде.

Мұндай жұмыс тақырыптық дәрістерде, БАҚ жариялымдарында, шағын деректі фильмдер мен роликтерді көрсетуде көрініс алады.

Оқу орындарында аталған шаралар барысында прокурорлар оқушылардың назарын осы қылмыстың құқықтық және материалдық салдарларына аударады.

Алайда, жастар арасында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмысқа қарамастан, терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарламалар фактілері әлі де орын алуда.

Прокуратура органдарының осы мәселе бойынша жүргізген талдауы қарастырылып жатқан санаттағы қылмыстардың, негізінен, бұзақылық пиғылда әрекет еткен кәмелетке толмаған жастармен және бейәлеуметтік жүріс-тұрыстағы тұлғалардың жасайтынын көрсетті.

Мысалы, 2015 жылғы 18 қарашада Көкшетау қаласы ІІБ кезекші бөліміне бейтаныс әйелден мектепте жарылғыш құрылғы орнатылғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Факт расталмады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 1971 жылы туылған С. деген азаматша анықталды, оны ұстаған кезде өзінің қоңырау шалуы туралы дәйекті түсінік бере алмаған, өйткені ол мас күйінде болғандықтан. 

Көкшетау қалалық сотының 2016 жылдың 20 қаңтардағы үкімімен азаматша С. Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған маскүнемдіктен емдеу түріндегі медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шараларын қолданумен 2 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, сот жедел қызметтердің терроризм актісі туралы жалған хабарлама бойынша шығумен байланысты шеккен залалдарын өтеу үшін азаматша С.-дан мемлекет пайдасына 357 294 теңге мөлшеріндегі материалдық шығын өндірілді.

Сондықтан терроризм мәселесіне «әзілдегісі» келген әрбір адам мұндай жауапкершіліксіз әрекеттің сөзсіз ауыр салдарлары болатыны жөнінде ойлануы керек.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.