You are here

Жақып Асанов ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жақып Асанов ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады - 1772750343

6 желтоқсан 2017 жыл, Астана.  Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының прокуратурасы күніне арналған мерекелік жиын өтті.

Ұжымды кәсіби мерекемен құттықтаған Бас Прокурор Жақып Асанов прокуратура органдарының қалыптасу тарихы мен құқық қорғау органдары жүйесінде оның мәртебесінің нығаюына Мемлекет басшысының роліне тоқталды.

Прокуратура органдары жаңа  дәуірге қадам басты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының редакциясы елеулі түрде жаңартылды, сондай-ақ қадағалаудың көлемі мен шегі заман талабына сай реттеген «Прокуратура туралы» жаңа заңы қабылданды.

Тарихта бірінші рет Президенттің Жарлығымен Бас прокуратураның құрылымы туралы ереже бекітіліп, ведомствоның миссиясы айқындалды.

Халықпен жұмыс жасау стандарттары қайта қаралды. Еліміздің барлық өңірлерінде Құқық қорғау қызметтері орталықтары ашылу үстінде. Ондағы қызметкерлер азаматтарға әкімшілік кедергісіз және бюрократиясыз құқықтық көмек көрсетеді.

Бас Прокурор қызметкерлерге өз қызметтерін абыроймен атқарып жатқандары үшін алғыс білдірді, сондай-ақ  қылмыстық процесте азаматтардың құқығын қорғауды нығайту бағытындағы ведомство алдында тұрған тапсырмаларды еске салды. Сонымен қатар алға қойылған мақсаттардың орындалатынына сенім білдірді.

Сөз соңында Ж. Асанов ұжымды құттықтап, дендеріне саулық, жұмыста табыс және отбасыларына аман-саулық тіледі.

Кәсіби мерекеге орай бірқатар прокурорлар мінсіз қызметі мен өз міндеттерін үлгілі орындағандары үшін сыныптық шендер мен ведомстволық марапаттарымен  мадақталды. 

Шара прокуратура қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концерт пен прокуратура органдарының трансформациясы туралы бейнероликті тамашалаумен аяқталды.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
8 (7172) 71 27 66,
8 (7172) 71 28 19

Жақып Асанов ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады - 706218109
Жақып Асанов ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады - 782869171

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.